Матч орталығы
«Жеңісте» бапкер ауысады: Андрей Демченко ҚПЛ-ға қайта оралуы мүмкін
19 қазан, 15:05

Фото: Андрей Демченко
Қазақстандық спорт журналисі Ермұхамед Мәулен 50 жастағы украиналық маман Андрей Демченконың ҚПЛ-ға оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Өткенде Грузияда жүргенде Демченкомен кездесіп, сұхбат алдым. Қазақстаннан нұсқалар бар, бірақ қай клуб екенін нақты айта алмаймын деді. Жуырда ҚПЛ-ға ораламын деп отыр. Бұған қатысты агенті Мамука Ломидзе жұмыс жасап жатыр екен», – деді Мәулен «Бірінші бол» арнасындағы подкастта.
Ал белгілі футбол инсайдері Эльдар Аманбаев «Жеңістің» бас бапкері қызметінен кететінін хабарлады:
«Мирослав Ромащено «Тобылда» қалада, ал Владимир Слишкович «Жеңістен» кетеді».
Андрей Демченко 2025 жылдың жазында «Жеңіс» командасын тізгіндеді. Елордалық клубта 17 кездесудің 8-де жеңіске жетіп, 6-да тең түсті. Нәтижесінде «Жеңіс» 36 ұпаймен маусымды алтыншы орында аяқтады.
Одан кейін украиналық маман «Араз-Нахчыван» (Әзербайжан) және «Иберия» (Грузия) клубтарын жаттықтырды. Бірақ 28 қыркүйектен бері жұмыссыз жүр.
Ернар Ламқадыров