Матч орталығы
«Ақтөбе» осымен де мақтана алады»: «Ордабасы» легионері жанжалды ойыннан кейін мәлімдеме жасады
19 қазан, 10:47

Фото: Тидиан Кейта
«Ордабасы» жартылай қорғаушысы Тидиан Кейта ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Ақтөбені» жеңгеннен (3:1) кейінгі әсерімен бөлісті.
«Жаңа команда сапында алғашқы гол соғу – әрдайым ерекше сезім. Бұл сәттен керемет ләззат алдым. Неліктен пас бермеуді жөн көрдім? Допты тепкен кезде, ең алдымен, оған табанның белгілі бір бөлігімен дұрыс тигізіп, қақпа бұрышын дәл көздеуді ойладым.
Басында оң қанатқа пас асырғым келген, бірақ бәрі тез болғаны соншалық, бұл нұсқадан бас тарттым. Өз қозғалыстары арқылы маған орталықтан бос кеңістік ашып бергені үшін Эльхан (Астанов) мен Бьорнға (Йонсенге) алғыс айтамын», – деді 30 жастағы футболшы.
Сонымен қатар, Кейта «ақ-қызылдар» аренасында 12 400 жанкүйердің алдында ойнау қандай сезім екенін айтып берді:
«Әрине, бұл үлкен қуаныш. Мұндай жағдай керемет ынталандырады – адреналин тасыды. Олардың клубы мұндай атмосферамен толықтай мақтана алады», – деп қосты франциялық ойыншы.
Айта кетейік, «Ордабасы» ҚПЛ-дың 23-турындағы кейінге шегерілген матчта Лео Нател, Сергей Малый және Тидиан Кейтаның голдарының арқасында «Ақтөбеден» басым түсті. Бас төреші Антон Кучма алаң иелерінің шабуылшысы Даниэль Сосаның голын есепке алмағаннан кейін, бұл кездесудің соңы үлкен дауға ұласты.
Тидиан Кейта шымкенттік клубқа осы жылдың маусым айында ауысты. Бұған дейін тегі гвинеялық франциялық футболшы румыниялық «Клуж» сапында өнер көрсеткен.
Ақтөбенің» голы әділ есептелмеді»: белгілі төреші «Ордабасыға» қарсы даулы матч туралы
Әлишер Аманжол