Матч орталығы
«Ақтөбенің» голы әділ есептелмеді»: белгілі төреші «Ордабасыға» қарсы даулы матч туралы
18 қазан, 15:31

ФИФА-ның бұрынғы төрешісі Сергей Лапочкин ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚПЛ-дың 23-турындағы кейінге шегерілген «Ақтөбе» мен «Ордабасы» (1:3) арасындағы матчтағы даулы сәттерге қатысты пікір білдірді.
73-минут: «қолмен ойнауға» байланысты «Ақтөбе» голының есептелмеуі
«Көрсетілім сапасы онша емес екен (күледі). Кесіп айту қиын, бірақ шабуылшы (Даниэль Соса) баспен соққы жасағаннан кейін доп өзінің қолына тиген сияқты. Ережеге сәйкес, мұндай гол есептелмеуі тиіс».
86-минут: қақтығыстан кейін «Ордабасы» қақпасына пенальтидің белгіленбеуі
«Егер доп ойында болмаса («Ақтөбе» бұрыштама соққысын орындауға дайындалып жатқан – еск.), ешқандай пенальти туралы сөз болуы мүмкін емес. Ақ жейдедегі футболшының (Сергей Малыйдың) әрекеті, сөзсіз, жазалануы керек, ал бұл жердегі басты сұрақ – сары немесе қызыл қағаз көрсету.
Мен сары қағазбен келісемін, өйткені (иықпен) жасалған қимыл агрессивті емес, спортқа жат қылыққа жатады. Бірақ бұл – даулы сәт», – деп атап өтті 45 жастағы сарапшы.
Айта кетейік, 28 жастағы шабуылшы Даниэль Сосаның соққан голының есептелмеуі кездесу нәтижесіне тікелей әсер етті, өйткені бұл жағдайда «Ақтөбе» таразы басын теңестіре (2:2) алар еді. Екінші эпизодта рефери Антон Кучма дау-дамайдың аясында футболшыға сары қағаз көрсетті.
Осылайша, «Ордабасы» чемпиондық таласта «Қайраттан» ұзап, көшбасшылығын одан әрі нығайтты. Қазіргі таңда Андрей Мартиннің командасы 67 ұпай жинаса, Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттерінде 60 ұпай бар.
«Ордабасыны» сүйрелеп жатыр»: экс-рефери «Ақтөбеге» қарсы матчтың төрелігіне баға берді
Әлишер Аманжол