Матч орталығы
«Кімді үздік деп тұрғандарыңызды білмеймін»: «Жеңіс» қорғаушысы «Тобылдың» шабуылшылары туралы
18 қазан, 16:44

Фото: Патрик Кпозо
«Жеңістің» қаптал қорғаушысы Патрик Кпозо ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Тобыл» қақпасына соққан жылдам голы туралы айтып, қостанайлықтардың шабуылшыларының деңгейіне баға берді.
«Өткен маусымда Чехияда ойнап жүргенде дәл осындай гол соққан едім, сондықтан бәрі мүмкін екенін білдім. Қақпашы мені айып алаңына доп асырады деп ойлап, тепе-теңдігін сәл жоғалтып алғанын байқадым. Бірақ мен оның орнына жақын бұрышқа күшті соққы жасадым.
Лигадағы ең мықты шабуылшылардың біріне қарсы тұруға тура келді дейсіздер ме? Шынымды айтсам, кім туралы айтып тұрғандарыңызды білмеймін. Бұл чемпионатта барлығы тең – ешкім басқалардан асып түспейді. Жалпы, бұл өте тартысты ойын болды. Ал алаңның жағдайы мәз емес еді», – деді Кпозо.
Айта кетейік, ганалық футболшы Патрик Кпозо ҚПЛ-дың 23-турындағы кейінге шегерілген «Тобылға» қарсы матчтың алтыншы минутында есеп ашқан болатын. Алайда Мирослав Ромащенконың командасы қонақтардан 4:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, «Жеңіс» чемпионат кестесінде 10-орынға төмендеді. Бұған дейін 29 жастағы қорғаушы молдовалық «Шериф» пен чехиялық «Баник» клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ өз елінің ұлттық құрамасының намысын қорғаған.
«Жоғарыда болуға әлеуетіміз жетеді»: «Тобыл» бапкері – «Жеңісті» ұтқан жайлы
Әлишер Аманжол