Матч орталығы
Малинен – Қазақстандағы алаңдар туралы: синтетика – минус емес, мүмкіндік
29.07.2025 13:20

Фото: Юха Малинен
Қарағандылық «Шахтер» мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы бас бапкері Юха Малинен BorodAbata.kz тілшісіне елдегі жасанды алаңдарды пайдалану тәжірибесі кеңінен тарағанын айтып берді.
«Әрине, табиғи шөп – бұл ең жақсы төсеніш. Бірақ егер қаржылық жағынан қарасаңыз: бұл төсенішті дұрыс күтім жасағанның өзінде аптасына 5 сағат пайдалануға болады. Жасанды төсеніште 40-50 сағат ойнай аласыз. Бұл клубтар үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, яғни әртүрлі іс-шараларды өткізуге болады.
Екінші маңызды себеп – ауа-райы жағдайлары. Финляндияда да, Қазақстанда да қыс қатты болады. Көктемде және күзде табиғи шөптің жағдайы нашарлап кетеді, бұл матчтың сапасына да әсер етеді. Ал мұндай ойын көрермендерге ұнамайды. Мен синтетикаға керісінше артықшылық ретінде қарау керек деп айтар едім. Бұл тіпті Еуропаның күшті командаларына қарсы ойында алаң иелері үшін басымдық болып саналады. Мысалы, финляндиялық «Ильвес» өткен аптада өзінің керемет жасанды төсеніші бар стадионында «АЗ Алкмарды» 4:3 есебімен ұтты», - деді Малинен.
Финляндиялық маман бұған дейін 2007 жылғы ҚПЛ-дың қола жүлдесін әлі күнге дейін алмағанын айтқан еді. Юха Малинен 2007 жылы Қарағандының «Шахтерын» және Қазақстан U-21 құрамасын жаттықтырды.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов