Матч орталығы
«Тобыл» қызметкері ҚФФ-ға тергеуге шақырылды
9 қазан, 12:33

Қостанайлық «Тобылдың» қазіргі қызметкері Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне шақырылды, деп хабарлайды ASnews.kz.
ҚФФ мәліметінше, одан ұйымның қауіпсіздік және интегрити қызметі жауап алған. Тексеріс себептерінің бірі: ойындарға дейін және одан кейін ресми тұлғалармен байланыс орнату.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та төрешілердің бірі 10 миллион теңгеге дейін көлемде сыйақы алуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ретте аталған қазы ҚПЛ-дың биылғы маусымында өз жұмысын жалғастырып жатыр.
Маусым соңында ҚФФ осы іске қатысы бар тұлғаларды футболдан шеттетіп, өз үкімін шығарады деп күтілуде.
Ахмет Ержанов