Матч орталығы
Қазақстан құрамасының шабуылшысы ауыр жарақатқа байланысты маусым соңына дейін қатардан шықты
5 қазан, 13:30

Фото: Оралхан Өміртаев
Көкшетаулық «Оқжетпес» пен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев жаттығу процесі барысында ауыр жарақат алды. Футболшыға айқас байламдардың үзілуі диагнозы қойылды.
Ауыр жарақаттың салдарынан шабуылшы ағымдағы маусымның қалған бөлігін өткізіп жіберуге мәжбүр болады. Таяу уақытта Өміртаев тереңдетілген медициналық тексерістен өтеді. Ота жасату үшін ойыншы Германияға аттанады деп күтілуде, содан кейін оны ұзаққа созылатын қалпына келу және оңалту үрдісі күтіп тұр.
Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында Оралхан Өміртаев «Оқжетпес» сапында 25 матч өткізді. Шабуылшының еншісінде тоғыз соғылған доп және бір нәтижелі пас бар. Сондай-ақ футболшы Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарына да шақырту алып жүр.
«Генктегі» қазақ: құжаттарды алдым – ұлттық құрамада тезірек ойнағым келеді
Ахмет Ержанов