«Ақтөбеге» провокация істегім келмеді»: «Ұлытау» сұрмергені – Хусанов пен ұлттық құрама жайлы

21 қыркүйек, 12:01

«Ақтөбеге» провокация істегім келмеді»: «Ұлытау» сұрмергені – Хусанов пен ұлттық құрама жайлы

Фото: Бақдәулет Зульфикаров

Биылғы маусымның ортасында «Ұлытау» сапына ауысқан 25 жастағы Бақдәулет Зульфикаров мансабындағы жаңа серпілісті бастан кешіруде. Жезқазғандық клуб үшін өткізген 12 матчта шабуылшы бес гол соғып, бір голдық пас берді. Ойыншының алаңдағы пайдалы әсер коэффициенті де жоғары: ол ойнаған 585 минутының ішінде орта есеппен әрбір 97 минут сайын нәтижелі әрекетімен ерекшеленген.

ASnews.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында шабуылшы:

  • «Ұлытаудың» топ-клубтарға қарсы ойындардағы қайсарлығының сырын ашты;

  • «Манчестер Сити» қорғаушысы Абдуқодир Хусановпен достығы және Беларусьтегі өмірін еске түсірді;

  • Магомед Адиевтің тұсында ұлттық құрамадан алған шақыртуы мен Еуропада ойнау арманымен бөлісті;

  • «Ақтөбе» қақпасына соғылған голдан кейінгі шулы тойлату жайлы пікір білдірді.

– Биылғы маусым сіз үшін және «Ұлытау» үшін жақсы өтіп жатыр. Өзіңіз ішкі чемпионатта 23 матчта алты гол соғып, екі ассист жасадыңыз. Команда үшін биылғы маусымды қалай бағалайсыз?

– Биылғы маусымға келетін болсақ, «Ұлытау» үшін де, мен үшін де жақсы маусым өтіп жатыр. «Ұлытауға» ауысуымның басты себептерінің бірі де осы – команда жақсы жинақталған. Дәл осы командаға қосылып, бейімделіп кету оңай болды. Әлі маусым аяқталмады, осының өзінде біраз ұпай жинадық. Алда әлі ойындарымыз бар, сол себепті қазіргі нәтижелерге толық көңілім толмайды. Сонда да, әр ойынға жақсы көңіл-күймен шығып, маусымды жақсы аяқтауға тырысып жатырмыз. Өз нәтижелілігім туралы айтсам, 2026 жыл – премьер-лигадағы маусымдарымның ішіндегі ең үздіктерінің бірі. Әлі де уақыт бар, сол себепті баға беруге ерте деп ойлаймын.

Бақдәулет Зульфикаров «Ұлытау» сапында

– Есесіне, «Ұлытау» да биыл үлкен командаларға қарсы жиі ұпай алып жатыр. Жезқазғанда «Қайратпен» тең түстіңіздер, өткен аптада «Ақтөбемен» Қобыландыда да, Жезқазғанда да тең түстіңіздер, маусым басында «Тобылды» ұттыңыздар. Үлкен командаларға қарсы осындай нәтижелердің, команданың қайсарлы ойын көрсетуінің себебі неде деп ойлайсыз?

– Иә, топ-клубтарға қарсы, әсіресе үйдегі матчтарда жақсы өнер көрсеттік. «Қайратпен» тең түскен ойында мен командада болмадым, бірақ ойынды теледидардан тамашаладым. «Ұлытау» тек қана топ-клубтарға емес, барлық командалар үшін де қиын қарсылас. Команда маусымаралық үзіліс кезінде ең бірінші болып жинақталды. Өткен жылы ойнаған ойыншылардың көбі де «Ұлытауда» қалды, әрі жаңа ойыншылар келді. Нүркен Қалдыбекұлы Мазбаев пен оның бапкерлік штабының жақсы жұмысы мен атқарған еңбегінің рөлі маңызды болды. Топ-клубтарға қарсы болсын, басқа да командаларға қарсы жақсы өнер көрсетіп жүрміз.

– 2021 жылы сіз Беларусьте ойнадыңыз. Келесі жылы командаға сіздің жақын досыңыз Абдуқодир Хусанов ресми түрде қосылды. Екеуіңіздің араларыңыздағы достық жайлы айтып бере аласыз ба?

– Иә, мен 2021 жылы «Энергетик» сапында ойнағанда, Абдуқодир командада болды, бірақ оның жасы 18-ге толмағандықтан, команда оны ФИФА регламенті бойынша ресми тіркей алмады. Екеуміз сол уақытта бір үйде тұрып, жаттығуға бірге барып, бірге өмір сүрдік. Абдуқодир – менің жақын досым. Өмірде де, әлеуметтік желіде де әрдайым бір-бірімізді қолдап, жағдайымызды сұрасып жүреміз. Абдуқодирдің ата-анасын да жақсы танимын. Иә, оның қазір бос уақыты аз. Бұйырса, уақыты болып, Ташкентке – өз үйіне оралғанда, достарымызбен барып, бірге уақыт өткіземіз.

Бақдәулет Зульфикаров және Абдуқодир Хусанов

– Футболдан тыс жерде, адам ретінде Абдуқодир қандай жан?

– Ол – өте мейірімді әрі ақкөңіл жан. Ешқандай жұлдыз ауруы жоқ. Кәдімгі, қарапайым ортадан шыққан жігіт. Ол туралы көп мақтау сөздер айта беруге болады.

– «Энергетиктен» кеткеннен кейін Абдуқодир сияқты еуропалық бір клубқа ауысу мүмкіндігіңіз болды ма? Мүмкін, қандай да бір ұсыныстар түскен болар?

– Шетелге ауысуға ешқандай мүмкіндіктер немесе ұсыныстар болмады. Қазақстаннан да нақты ұсыныстар түспеді. 2022 жылғы маусым басталмай тұрып, «Ордабасымен» оқу-жаттығу жиынына қатыстым. Алайда, чемпионат басталғанда нақты тізімге енбей, командасыз қалдым. Сол кезде бала күнімде «Ордабасы» футбол орталығында бапкерім болған Мадияр Кембілов деген кісі мені «Тұранның» қосалқы құрамына шақырды. Сөйтіп, сол маусымды «Тұранның» дублінде өткіздім.

– Әлі де Еуропада бағыңызды сынап көргіңіз келе ме?

– Бұл – менің бала күннен келе жатқан арманым. Әлі де сондай арманым бар. Егер мүмкіндік болып жатса, әрине, мен қуана-қуана ондай ұсынысты қабылдар едім. Өз күшімді сынауға әрдайым дайынмын.

– 2023 жылы ұлттық құраманың бапкері Магомед Адиев болғанда сіз құрамаға шақырту алдыңыз. Сол тәжірибеңіз туралы айтып бере аласыз ба? Ұлттық құрамадағы атмосфера, Адиевтің жаттығу процесі…

– Ұлттық құраманың тізіміне іліккен кезде қатты қобалжыдым. Естеріңізде болса, сол жылы Қазақстанның Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігі жоғары еді. Сол кездегі команда, атмосфера – бәрі де қызық болатын. Сан-Марино мен Словения құрамаларына қарсы ойындардың алдында командада екі апталық оқу-жаттығу жиыны болды. Мен соған қатысып, жаттығу процесін өз көзіммен көріп, сезіндім. Барлығы да өте қатты ұнады. Магомед Мұсаұлы – өте қарапайым кісі. Оның жасатқан жаттығулары, командадағы атмосфера, сөйлеу мәнері, команданы ынталандыруы – барлығы өте жоғары деңгейде. Құрамада болған кездегі атмосфераның деңгейі мүлде басқаша болды. Алғашқы күндері үйренісіп кету қиынға соқты, бірақ 2-3 күннен кейін жігіттердің көбісімен жақсы танысып, араласып кеттім. Ұлттық құрамада жаттығу өзім үшін үлкен тәжірибе болды. U-21 жастар құрамасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығу мүмкіндігі бұйырды, әрі гол да соқтым. Алайда, ары қарай Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойындарға арналған құраманың нақты тізіміне енбедім. Дегенмен, сол шақыртудың өзіне қуанамын, өйткені бұл мен үшін үлкен тәжірибе еді. Сол кездегі топ-құраманың ішкі атмосферасын сезініп, өз көзіммен көрдім.

Бақдәулет Зульфикаров Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиынында

– Биылғы жылы ұлттық құрамадан ондай қызығушылықтар болды ма?

– Биылғы маусымда бапкерлік штаб тарапынан қызығушылық болмады. Дегенмен, алдағы соңғы төрт ойында командама барынша көмектесіп, жақсы нәтижелерге жетуге тырысамын, сол кезде менде де жақсы көрсеткіш болады дегенге сенемін. Ұлттық құрама намысын қорғағым келеді, өйткені бұл да менің балалық арманым. Құрамаға шақырту алсам, өзімді барынша жақсы жағынан көрсеткім келеді.

– Өткен турда «Ақтөбеге» екі гол соқтыңыз. Бірінші голдан кейін сіз өзіңізге тән тойлау әрекетін жасадыңыз, бірақ жанкүйерлер оны дұрыс түсінбей қалған сияқты...

– Иә, бірінші гол соққан кезде оны өз мәнерімде тойладым. Сол ойын кезінде және ойыннан кейін дәл сол тойлағаным үшін жаман пікірлер жазылды. Бұл – провокация емес. «Ақтөбе» жанкүйерлеріне немесе командаға бағытталған жест болмады. Соны түсініп, екінші гол соққанда жанкүйерлерге құрмет ретінде оны тойламадым, бұл менің құрмет көрсеткенім. Ойыннан кейін 13-секторға қарай жақындап, басымды иіп кеттім. Ешқандай да провокация жасағым келген жоқ.

Ақтөбе – мен үшін бөтен қала емес. Анам – Ақтөбенің тумасы және де барлық нағашыларым да Ақтөбеден. Сондықтан, есесіне қарсыласқа гол соққан кезде провокация жасаймын деген ой мүлдем болмады. 

Айта кетейік, Қазақстан премьер-лигасының 27-ші турының қорытындысы бойынша «Ұлытау» футбол клубы 32 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орынға жайғасты.

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 11:27

«Бәрін түзей аламын»: Сәтпаевтың бапкері «Бернлиден» кету қаупі жайлы

Бүгін, 10:19

«Фаворит рөлін қабылдаймыз»: Словакия құрамасының қақпашысы Қазақстанмен өтетін матч туралы

Бүгін, 08:11

Сәтпаевтың командаласы сәтсіздіктен кейін командаластарын қатаң сынға алды

Кеше, 21:49

Бір команданың үстемдігі: Қазақстан құрамаларына ең көп ойыншы берген қай клуб?

Кеше, 20:36

Украина құрамасының экс-ойыншысы «Ордабасыға» қарсы сотта жеңіске жетті

Кеше, 17:38

«Бернли» басшылығы шұғыл жиналыс өткізеді: Сәтпаев бапкерінің тағдыры шешілмек

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  21 қыркүйек, 12:01

«Ақтөбеге» провокация істегім келмеді»: «Ұлытау» сұрмергені – Хусанов пен ұлттық құрама жайлы

1
Халықаралық футбол  21 қыркүйек, 11:27

«Бәрін түзей аламын»: Сәтпаевтың бапкері «Бернлиден» кету қаупі жайлы

2
Ұлттық құрама  21 қыркүйек, 10:19

«Фаворит рөлін қабылдаймыз»: Словакия құрамасының қақпашысы Қазақстанмен өтетін матч туралы

3
Халықаралық футбол  21 қыркүйек, 08:11

Сәтпаевтың командаласы сәтсіздіктен кейін командаластарын қатаң сынға алды

4
Ұлттық құрама  20 қыркүйек, 21:49

Бір команданың үстемдігі: Қазақстан құрамаларына ең көп ойыншы берген қай клуб?

5
ҚПЛ  20 қыркүйек, 20:36

Украина құрамасының экс-ойыншысы «Ордабасыға» қарсы сотта жеңіске жетті

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22