Матч орталығы
«Жақсы реакция таныттық»: «Ордабасының» румыниялық легионері «Астананы» жеңгені туралы
13 қыркүйек, 13:10

Фото: Михай Капацина
Шымкенттік «Ордабасының» румыниялық жартылай қорғаушысы Михай Капацина ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан премьер-лигасының 26-турында елордалық «Астананы» өз алаңында жеңгені (1:0) туралы пікір білдіріп, команданың соңғы сәтсіздікке қалай жауап қатқанын айтты.
– Михай, жеңіс құтты болсын. Ойын қаншалықты ауыр болды?
– Көп рақмет. Бұл шынымен де өте ауыр матч болды, өйткені «Астана» – мықты ойыншылары бар жақсы команда. Олар сапалы футбол ойнауға тырысады. Біз үш ұпай еншілегенімізге өте қуаныштымыз, бүгін бұл біз үшін ең маңыздысы болды.
– Өткен турда «Оқжетпестен» ұшыраған жеңілістен кейін бұл ойын психологиялық тұрғыда жақсы серпіліс болды деп айтуға бола ма?
– Иә, әрине. Ол ойыннан кейін бізге психологиялық тұрғыда өте қиын болды. Біз сол матчта жеңіске жеткіміз келген, бірақ нәтижеге кесірін тигізген қателіктер жібердік. Бүгін жақсы реакция танытып, үш ұпай алғанымызға қуаныштымын.
– Команда қысымды жалғастырып, нәтижесінде жеңіс голын соғуы үшін бапкер үзілісте не деді?
– Бапкер кәдімгі жұмыс барысындағы дүниелерді айтты: не істеу керектігін және кемшіліктерді қалай түзетуді түсіндірді. Біз кейбір өзгерістер енгіздік. Менің ойымша, бүгін біз жақсы футбол көрсеттік, көптеген мүмкіндіктер жасадық және бұл жеңіске лайық болдық. Бірақ матч ауыр өтті, біз өте мықты қарсыласқа қарсы ойнадық.
Еске сала кетейік, Шымкенттегі Орталық стадионда өткен 26-тур матчы «Ордабасының» «Астананы» 1:0 есебімен жеңуімен аяқталды. Кездесу тағдырын 78-минутта Жасұлан Әмірдің дәл соққысы шешті.
Бұл жеңіс шымкенттік клубқа 58 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. «Қайрат» (57 ұпай) екінші сатыға төмендеді, алайда оларда бір матч бар. «Астана» тур қорытындысы бойынша үшінші орында қалды.
Әлім Динасылов