«Ливерпульдің» бұрынғы бапкері: «Ақтөбе» маған ақпаннан бері ақша төлемей жүр – клуб мені елемейді

29 шілде, 17:04

«Ливерпульдің» бұрынғы бапкері: «Ақтөбе» маған ақпаннан бері ақша төлемей жүр – клуб мені елемейді

Фото: Томас Гроннемарк

«Ливерпульдің» бұрынғы бапкері Томас Гроннемарк ASnews.kz-ке берген сұхбатында «Ақтөбе» ақпан айында Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынында көрсеткен қызметі үшін әлі де ақы төлемегенін мәлімдеді.

– Томас, «Ақтөбемен» арадағы дау шешілді ме?

– Өкінішке орай, клуб маған әлі де ақша төлеген жоқ. Оқиға былай болған еді.

Қазақстанда мені біле ме, жоқ па, хабарсызбын, бірақ мен – ауттан доп лақтыру бойынша тәуелсіз бапкермін. Мансабымда командаларға халықаралық футболда 18 титул жеңіп алуға көмектестім.

Әдетте бір маусымда 6-8 клубпен жұмыс істеймін. Соның ішінде Юрген Клопптың «Ливерпулінде» бес жыл еңбек етіп, нәтижесінде жеті трофейге қол жеткіздік. Сонымен қатар Дортмундтың «Боруссиясымен», «Аякспен», ал өткен маусымда «Арсеналмен» жұмыс істедім.

Мен Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Ақтөбемен» бірге болдым. Бапкерлер штабы жұмысымды жоғары бағалады, ал басшылар тіпті жаңа ойыншыларды тарту үшін менің атымды пайдаланды.

Сонымен қатар қазақстандықтарға стандартты позициялар бойынша маман табуға көмектесу үшін байланыстарымды іске қостым. Олардың бірі – әлемдегі ең үздік мамандардың бірі – тек ұлттық құрамамен бірге мундиальға баруы тиіс болғандықтан ғана клубқа қосыла алмады».

Гроннемаркта дәлел бар ма?

«Менің қолымда «Ақтөбемен» дәл сол жиынды өткізуге жасалған, екіжақты қол қойылған келісімшарт бар. Тіпті олардың өкілдеріне әдеттегіден әлдеқайда төмен талаптар ұсындым.

22 жылдық жұмысымда қандай да бір клубтың маған қызмет ақысын төлемей қойғанымен бірде-бір рет кезіккен емеспін. Басында олар біздің арамызда мүлде келісім болған жоқ деп мәлімдеді. Бұл сұмдық қой. Одан кейін келісімшартты қайта жібердім».

«Ақ-қызылдар» үнсіз

«Кейін «Ақтөбедегілер» заңгерлерімен хабарласуым керектігін айтты. Ол да келісімшартты жіберуімді өтінді. Жібердім. Кенеттен ол бұдан былай жұмыс істемейтінін мәлімдеді, ал қазір клуб менің хабарламаларыма мүлде жауап бермейді.

Бұл өте кәсіби емес әрекет. Әсіресе осы командаға қаншалықты көп көмектескенімді ескерсек, маған қатысты мұндай қарым-қатынас өте өкінішті. Қатты түңілдім», – деп бөлісті 50 жастағы даниялық маман.

Еске сала кетейік, Томас Гроннемарк «Ақтөбедегі» жаттығу процесін бір аптадан сәл астам уақыт ұйымдастырған болатын. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, «ақ-қызылдар» маманға 5 мың долларға жуық қарыз.

«Ақтөбе» «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Шейи Оджоны қатарға қосқан соң мәселеге тап болды

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 17:47

Футболдың жаңа королі Испания: Паредес есінен ауысқан финал және Мессидің күйреуi

Бүгін, 16:01

«Ақтөбе» «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Шейи Оджоны қатарға қосқан соң мәселеге тап болды

Бүгін, 14:44

Талғардағы ҚФФ Академиясының құрылысы 40%-ға аяқталды

Бүгін, 13:46

Сыйақылар, көлік және PlayStation: ҚПЛ бапкері Еуропада дауға қалды

Бүгін, 11:33

«Бапкер қайда қойса, сонда ойнаймын»: «Тобылдың» футболшысы «Паневежиске» қарсы КЛ матчы жайлы

Бүгін, 11:23

«Қорғанысқа жатып алмаймыз»: Ромащенко – «Тобылдың» стилі, жарақаттар мен «Паневежис» жайлы

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  29 шілде, 17:04

«Ливерпульдің» бұрынғы бапкері: «Ақтөбе» маған ақпаннан бері ақша төлемей жүр – клуб мені елемейді

1
ҚПЛ  29 шілде, 16:01

«Ақтөбе» «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Шейи Оджоны қатарға қосқан соң мәселеге тап болды

2
Ұлттық құрама  29 шілде, 14:44

Талғардағы ҚФФ Академиясының құрылысы 40%-ға аяқталды

3
ҚПЛ  29 шілде, 13:46

Сыйақылар, көлік және PlayStation: ҚПЛ бапкері Еуропада дауға қалды

4
Еурокубоктар  29 шілде, 11:33

«Бапкер қайда қойса, сонда ойнаймын»: «Тобылдың» футболшысы «Паневежиске» қарсы КЛ матчы жайлы

5
Еурокубоктар  29 шілде, 11:23

«Қорғанысқа жатып алмаймыз»: Ромащенко – «Тобылдың» стилі, жарақаттар мен «Паневежис» жайлы

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ҚайратҚайрат
20
13
6
1
25
45
2
ОрдабасыОрдабасы
19
13
4
2
19
43
3
АстанаАстана
18
9
5
4
9
32
4
АқтөбеАқтөбе
19
9
4
6
7
31
5
ОқжетпесОқжетпес
19
8
6
5
-1
30
6
ЕлімайЕлімай
18
7
6
5
3
27
7
ҰлытауҰлытау
19
7
6
6
-2
27
8
ТобылТобыл
19
6
4
9
-5
22
9
ЖеңісЖеңіс
19
5
7
7
-6
22
10
КаспийКаспий
19
6
3
10
-6
21
11
ҚайсарҚайсар
20
3
11
6
-7
20
12
ҚызылжарҚызылжар
19
5
4
10
-7
19
13
АтырауАтырау
18
3
9
6
-4
18
14
ЖетісуЖетісу
19
4
6
9
-7
18
15
АлтайАлтай
19
3
7
9
-11
16
16
ЕртісЕртіс
18
2
8
8
-7
14