Матч орталығы
«Ақтөбе» «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Шейи Оджоны қатарға қосқан соң мәселеге тап болды
29 шілде, 16:01

Фото: Шейи Оджо
«Ақтөбеге» жаңадан қосылған Шейи Оджо арқасындағы созылмалы ауырсынуға байланысты белгілі бір жайсыздық сезінуде, деп хабарлайды ASnews.kz.
2016 жылдың жазында «Ливерпульмен» маусымалды дайындық кезінде британдық вингер ауыр жарақат алған еді – омыртқасы сынып (жарықшақ түсіп), салдарынан төрт айға жуық уақыт емделді.
Осы жарақаттың салдарынан футболшыға жасанды төсеніште ойнауға болмайды, ал бұл ҚПЛ алаңдарының ерекшелігін ескерсек, үлкен мәселеге айналуы мүмкін.
Еске сала кетейік, БАҚ-та Оджоның таяу арада «ақ-қызылдармен» келісімшартқа отыратыны хабарланған болатын.
Әлем чемпионы, «Ливерпуль» мен «Рейнджерс»: Шейи Оджо кім және ол Ақтөбеге не үшін келді?
Әлім Динасылов