Матч орталығы
«Қайсар» директоры – Әбікеннің кетуі туралы: ақша жағынан келісе алмадық
25 шілде, 09:35

Фото: Айбол Әбікен
«Қайсар» клубының басқарушы директоры Бақытжан Пазылхайыр Айбол Әбікеннің Қызылордадан кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Біздің клуб қаржылық тұрақтылықты бірінші орынға қоюы керек. Кейбір еуропалық клубтарда қаржылық тұрақтылық спорттық нәтижелерден биік тұрады. Егер сен қарызға батып, банкрот болып жатсаң, нәтиженің не қажеті бар?
Бізде бекітілген құжатқа сәйкес, қазақстандық және шетелдік футболшылардың жалақысына қатысты лимит бар. Мемлекеттің бекіткен 2 миллион теңгесі мен біздің инвестордың құйып жатқан қаражатын есептегенде. Біз осыны есепке аламыз.
Айболдың өзі «басқа клубқа ауыссам бола ма?» деп сұранды. Онымен ашық сөйлестік. Мәселе қаржыға келіп тірелді. Біз оған тағы да қосымша қанша ақша бере алатынымызды айттық. Себебі бізде легионерлердің өзі көп жалақы алмайды. Егер жалақыңды қазір көбейтетін болсақ, осы жылдың соңында аяқталатын келісімшартыңды бір жарым жылға ұзартайық дедім. Бірақ Айболдың келесі жылы айлықты тағы да көбейту туралы талабы болды. Сондықтан өзі кетуге сұранып тұрғандықтан, сөйлесіп ортақ мәмілеге келдік», – деді Пазылқайыр Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.
Әбікен осы маусымды «Қайсар» сапында бастап, 14 матчта 3 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Бірақ осы жазда «Қызылжар» клубына ауысты.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров