Матч орталығы
«Ордабасының» жаңа демеушісі: шымкенттік клуб SCAT әуекомпаниясымен келісімшартқа отырады
22 шілде, 19:32

Фото: SCAT Airlines
Шымкенттік «Ордабасы» жаңа ірі серіктеспен ынтымақтастық туралы жариялауға дайындалып жатыр. Ол Қазақстандағы ең ірі әуе тасымалдаушыларының бірі – SCAT әуе омпаниясы болады, деп хабарлайды Amanvibe.kz.
Серіктесті таңдау қисынды әрі символикалық болып көрінеді: SCAT компаниясының бас кеңсесі тап осы Шымкентте орналасқан, ал құрылтайшылары – осы қаланың тумалары. Әуе тасымалдаушысы жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде қалалық әуежайды модернизациялауды қаржыландыруға айтарлықтай үлес қосты. Енді бизнес-құрылым өңірдің басты футбол брендін де қолдауға дайын.
Ағымдағы жылы «Ордабасы» қаржылық-коммерциялық әлеуетін жүйелі түрде нығайтып, демеушілік нарықта жоғары белсенділік танытуда. Бұған дейін оңтүстіктіктердің серіктестері қатарына ірі қаржылық және өнеркәсіптік құрылымдар кірген болатын:
- Bank RBK
- «Евразия» сақтандыру компаниясы
- ERG (Eurasian Resources Group)
SCAT-ты тарту клуб басшылығының демеушілік базаны кеңейту және коммерциялық табысты арттыру жолындағы кезекті маңызды қадамы болмақ.
ҚПЛ-ның 18 турынан кейін «Ордабасы» 43 ұпаймен турнирлік кестенің көш басында орналасқан. Олар «Қайраттан» бір ұпайға алда келеді әрі қорырында өткізілмеген бір ойыны бар.
Әлім Динасылов