Матч орталығы
Қызайбаев – Әмірдің болашағы жайлы: әзірге Ресей мен Түркия клубынан ұсыныс түсті
19 шілде, 13:01

Фото: Жасұлан Әмір
«Ордабасы» клубының президенті Дархан Қызайбаев 19 жастағы жартылай қорғаушы Жасұлан Әмірге қызығушылық танытқан клубтарды атап өтті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Біздің және Жасұланның ойы бойынша әлі тиімді ұсыныс түскен жоқ. Әмір өзіміздің «Orda Sport Management» компаниясымен келісімшартқа отырды. Енді оны агенттер алып кете алмайды. Оған қоса, оның футболға келуіне себепкер болған әкесі де бар.
Жасұланға ресейлік «Балтика» мен стамбулдық «Башакшехирден» ұсыныс түсті. Басқалары әлі айтатындай емес.
Биыл чемпион боламыз деген мақсатымыз бар. Әмір чемпиондық құрамда болу керек. Кейін әкесімен және өзімен сөйлесіп, нақты шешім қабылдаймыз», – деді Қызайбаев Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.
Жасұлан Әмір осы маусымда «Ордабасы» үшін 21 матчқа қатысып, 9 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров