Матч орталығы
Ислам Чесноков «Тобылмен» келісімшартқа отырды: толығырақ
28 маусым, 15:01

Фото: Ислам Чесноков
Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков «Тобыл» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футболшы мен қостанайлық клуб 2028 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Жақын уақытта «Тобылдың» баспасөз қызметі Чесноковты ресми түрде таныстырады деп күтілуде.
Биыл қаңтар айында 26 жастағы қазақстандық футболшы еркін агент ретінде шотландиялық «Хартсқа» ауысқан болатын. Эдинбург клубында Чесноков Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жалпы, вингер «Хартс» сапында барлық турнирде 11 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Қазіргі таңда Чесноковтың трансферлік құны 1,2 миллион еуроға бағаланып отыр.
Әлім Динасылов