Матч орталығы
Еуропалық құраманың жартылай қорғаушысы ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін
26 маусым, 08:17

Фото: Руслан Лисакович
Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Руслан Лисакович мансабын Қазақстанда жалғастыру нұсқасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Дереккөздің мәліметінше, 24-жасар ойыншының өкілдері премьер-лиганың бірнеше клубымен келіссөздер жүргізуде.
Өткен маусымның қорытындысы бойынша Лисакович чемпионаттың үздік жартылай қорғаушысы және «МЛ Витебск» клубының үздік ойыншысы деп танылды, сондай-ақ біріншіліктің алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін гроднолық «Неман» сапында екі рет ел Кубогын ұтып алған.
Футболшы солигорскілік «Шахтердің» түлегі болып табылады. Сондай-ақ «Узда», «Крумкачы», «Ислочь», «Минск» және махачкалалық «Динамо» клубтарында өнер көрсеткен.
Лисакович Беларусь ұлттық құрамасы үшін 12 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Ойыншының трансферлік құны 700 мың еуроға бағаланады.
Әлім Динасылов