Матч орталығы
Қайрат Боранбаев: Сәтпаев 26 маусымда Лондонға аттанып, үш күннен кейін Аустралияға кетеді
15 маусым, 13:40

Фото: Дастан Сәтпаев
«Қайрат» клубының қожайыны Қайрат Боранбаев Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бізге «Челсиден» ресми хат келді. Олар 29 маусым күні Аустралияға ұшып, жаңа маусымға дайындықты бастайды. Хатта Дастанның 26 маусым күні Лондонда болу керектігін жазыпты. Дастанмен сөйлестік, ол 17 және 21 маусымда болатын матчтарға қатысып, содан кейін бес күн демалады. 26 маусым күні анасымен бірге Лондонға ұшып кетеді», – деді Боранбаев Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.
Қайрат мырза «Челсидің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның Сәтпаевты жақсы білетінін мәлімдеді.
«Біз «Реалмен» болған ойыннан кейін Хаби Алонсомен сөйлестік. Сонда ол: «Қайратқа» қарсы дайындалған кезде тек бір ғана футболшыны – Дастан Сәтпаеты жақсылап зерттедік», – деп айтты. Алонсо Дастанды жақсы біледі. Сондықтан Сәтпаев «Челсидің» негізгі командасында ойнап кете алады. Жеке өзім бұған сенімдімін».
«Қайрат» 17 маусым күні «Қызылжарды» қабылдап, төрт күннен кейін қайтадан сол командамен ойнау үшін Петропавлға барады. Сол екі матчтан кейін Дастан Сәтпаев «Челси» ойыншысы атанады.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 30 қазан, 12:41
ҚПЛ клубының функционерлері атышулы айыптаудан кейін БАҚ сұрақтарына жауап беруден бас тартты
1Халықаралық футбол 30 қазан, 08:17
«Бернлидегі» Сәтпаевтың бапкері жаңа ассистенттерді қатарға қосады
3ҚПЛ 29 қазан, 21:02
«Қазақстанда лига құрамадан мықтырақ, ал Грузияда керісінше»: Бьорн Йонсен – ҚПЛ дамуы туралы
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров