Матч орталығы
Рауан Орынбасар «Тұранға» ауысады
06.07.2025 12:20

Фото: Рауан Орынбасар
Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Рауан Орынбасар түркістандық «Тұранмен» келісімшартқа отырады, деп хабарлайды BorodAbata.kz.
27 жастағы футболшы «Жетісу» командасының түлегі. Талдықорғандық клуб сапында 65 кездесу өткізіп, үш гол соққан. Осы маусымның басында Орынбасар «Ертіске» ауысып, 13 матчта екі гол соққан. 1 шілдеде қорғаушының павлодарлық клубтан кеткені белгілі болды.
2019 жылы Орынбасар чех маманы Михал Билектің тұсында Қазақстан құрамасына шақыртылып, Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде (1:0) алаңға шықты.
Transfermarkt порталы футболшыны 150 мың еуроға бағалап отыр.
Әлім Динасылов