Матч орталығы
Бекбаев – «Ордабасы» мен «Қайрат» ойыны туралы: тең нәтиже немесе шымкенттіктердің жеңісі тіркелуі мүмкін
28 мамыр, 16:33

Фото: ФК «Ордабасы»
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ордабасы» клубының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚПЛ 12-турының орталық ойыны аясындағы «Қайратқа» қарсы ойын жайында өз болжамын айтты.
«Екі команда да жарыс кестесінің жоғарғы жағында келе жатыр, әлі осы маусымда жеңілмеген. Ойынына қарасақ, «Қайрат» – көп гол салмайтын команда. Өзінің қақпасына да гол аз жібереді. Шамамен «Ордабасымен» қауқары бірдей болғанға ұқсайды. «Ордабасы» да көп гол өткізбейді. Тең ойын болады, немесе минималды айырмамен «Ордабасы» жеңуі мүмкін. Стадион лық толы болады, өйткені билеттер сатылымға шыққасын бірден таусылып қалды. Әрине, екі көшбасшының кездесуі қызық ойын болады. 0:0 деген есеп те тіркелуі мүмкін», – деді Бекбаев.
Айта кетейік, дәл қазіргі уақытта «Қайрат» 12 матчтан кейін 26 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал бір ойыны кем «Ордабасы» 25 ұпаймен екінші орында келеді. Екі ұжым да биылғы маусымда әлі жеңіліс дәмін татқан жоқ.
Шымкентте өтетін қос көшбасшының кездесуі ертең, сағат 20:00-де басталады.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
3Еурокубоктар 11 қыркүйек, 15:22
Өзбекстандық Умарали Рахмоналиев МЮ-ден жеңілуі мен ЧЛ дебюті туралы пікір білдірді
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов