Матч орталығы
Қараман – «Астанаға» ауысқаны туралы: бұл үшін өкінбеймін
3 маусым, 17:15

Фото: Дінмұхамед Қараман
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман осы маусымның алдында елордалық «Жеңістен» «Астанаға» қалай ауысқаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Өткен жылы «Жеңісте» жүрген кезімде маусымның аяқталуына екі тур қалғанда менімен «Астана» байланысқа шықты. Бас бапкер Григорий Бабаянның өзі хабарласып: «Астанада» ойнағың келе ме, мен сені мына позицияда көріп тұрмын, ойланып көр», – деді. Мен отбасымммен, агентіммен ақылдасып, «Астанаға» ауысу туралы шешім қабылдадым және бұл таңдауым үшін өкінбеймін.
«Жеңіс» ренжіген жоқ па? Біз олармен ұзақ уақыт сөйлестік. Бірақ нақты шешім қабылдап, қоштасуға тура келді», – деді Қараман «Бірінші бол» арнасындағы подкастта.
25 жастағы футболшы былтыр «Жеңістің» негізгі ойыншысы болып, соның арқасында Қазақстан құрамасында дебют жасады. Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македония қақпасына ұлттық құрамағы алғашқы голын соқты.
Қараман ҚПЛ-дың ағымдағы маусымында 11 матчқа қатысты және Қазақстан құрамасының маусым айындағы матчтарына шақырту алды.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров