Матч орталығы
«Рейнджерс» «Хартстың» көшбасшысын әкетуде: капитанның трансфері Чесноковқа қалай әсер етеді?
25 мамыр, 11:08

Фото: Ислам Чесноков (сол жағында) һәм Лоуренс Шенкленд (оң жағында)
Шотландиялық «Рейнджерс» «Хартс» клубының капитаны әрі сұрмергені Лоуренс Шенклендтің трансфері жайлы ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды BBC Scotland.
Жуық арада Шотландия құрамасының 30 жастағы шабуылшысы медициналық тексерістен өтеді. Өткен маусымда Шенкленд Эдинбург клубында 20 гол соғып, команданың күміс жүлде мен Чемпиондар лигасының жолдамасын жеңіп алуына көмектесті. Ол «Хартс» сапында 171 матч өткізіп, 88 гол соқты.
Шенкленд орталық шабуылшы позициясында ойнайды, сондықтан қапталда өнер көрсететін қазақстандық Ислам Чесноковтың тікелей бәсекелесі емес.
Шотландия чемпионатының аяқталған маусымында Чесноков 11 матч өткізіп, бір голмен көзге түсті.
Әлім Динасылов