Матч орталығы
«Сәттілік жетіспеді»: Ордец «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейін пікір білдірді
4 мамыр, 00:16

Фото: Иван Ордец
«Ақтөбе» қорғаушысы Иван Ордец ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-дың сегізінші турындағы «Ордабасыға» қарсы матчты қорытындылап, тығыз кестеге қатысты жоспарларымен бөлісті.
«Сапалы ойын көрсеттік. Бірінші таймда бейімделуге тура келді, өйткені қарсылас кездесу тізгінін жақсы ұстады. Екінші таймда ойын өрнегін өзгерттік – қарсылас көбірек қорғануға мәжбүр болды. Ойынды бақылауға алып, екі-үш гол соғатын мүмкіндігіміз болды, бірақ, өкінішке орай, сәттілік біз жақта болмады. Соңғы минуттарда бәріміз алға ұмтылдық, салдарынан концентрацияны жоғалтып, екінші голды жіберіп алдық. «Ордабасыны» жеңісімен құттықтаймын, жақсы ойын болды.
Ең алдымен қалпымызға келуіміз керек, кестеміз өте тығыз болды. Алда чемпионат пен Кубок матчтары күтіп тұр – дайындалып, қателіктерді саралап, әрі қарай ойнау қажет».
Сегізінші тур матчы Шымкентте өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. «Ордабасы» сапынан Эльхан Астанов пен Жасұлан Әмір гол соқты. Бұл жеңілістен кейін «Ақтөбе» 10 ұпаймен 10-орынға тұрақтаса, «Ордабасы» (18 ұпай) «Қайратпен» бірге турнир кестесінде көш бастап тұр.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров