Матч орталығы
Ермұхамед Мәулен: ҚФФ мені сотқа беріпті, қазір талдау жұмыстары жүріп жатыр
23 сәуір, 08:08

Фото: Ермұхамед Мәулен
Бірер күн бұрын «Ордабасы» президентінің кеңесшісі қызметінен кеткен спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзіне қатысты сот ісі болып жатқанын айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Қазір әр сөзіңді сүзгіден өткізіп айтпасаң, басың бәлеге қалады. Мені сол үшін де полиция басқармасына шақырды, ҚФФ сыртымнан шағым түсіріп, сотқа берген екен. Оны жасаған адамның есімін айтпай-ақ қояйын. Қазір ол ҚФФ-да қызмет етпейді.
Дәл қазіргі сәтте филологиялық талдау жұмыстары жүріп жатыр. Соның сараптамалық қорытындысын күтіп отырмыз. Мен өзім де тергеушімен кездесіп, оның қойған сауалдарына жауап бердім. Оған басымды кесіп алсаңыздар да, осы пікірімде қалатынымды жеткіздім. Олар да мені түсініп, «қатты заң бұзбағансыз» деп отыр. Егер біреудің шамына тиіп кететіндей жағдай туындатсам, кешірім сұрауға дайынмын», – деді Мәулен Бірінші бол ютуб-арнасына берген сұхбатында.
Ермұхамед Мәулен қаңтар айынан бастап «Ордабасы» клубында қызмет етті. Бірақ келісімшартының аяқталуынв бір ай қалғанда (31 мамырға дейін жарамды болған) клубтан кетті.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров