Матч орталығы
Струмия «Каспийдің» маусымға қойған мақсаттары туралы: жағдайды тезірек түзеу керек
19 сәуір, 15:23

Фото: Леонель Струмия
«Каспийдің» аргентиналық капитаны Леонель Струмия ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-2026 маусымына құрған жоспарларымен бөлісті.
«Бірінші кезекте турнир кестесіндегі қазіргі жағдайды мүмкіндігінше тезірек түзеу керек. Ол үшін біз біртұтас команда болуымыз қажет. Жеке мақсатым – ұжымға барынша көмектесіп, жас ойыншылар одан әрі дамуы үшін олармен тәжірибемді бөлісу», – деді Струмия.
«Каспий» ҚПЛ-дың алты турынан кейін небәрі бір ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы орында тұр. Өткен турда Ақтау командасы «Қайраттан» 0:2 есебімен ұтылды.
Леонель Струмия «Каспийге» 2026 жылдың ақпанында ауысты. Ол 2023 және 2024 жылдары «Ақтөбе» намысын қорғап, команда құрамында Қазақстан Кубогын жеңіп алған.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов