Матч орталығы
«Мұңайып отыруға уақыт жоқ»: «Каспий» қорғаушысы – «Қайратпен» болған ойын жайлы
18 сәуір, 22:27

Ақтаулық «Каспийдің» қорғаушысы Амандық Набиханов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-дың алтыншы турында алматылық «Қайратпен» болған сырт алаңдағы матчқа қатысты пікірін айтты.
«Өкінішке орай, жеңіліп қалдық. Бірақ басымызды төмен түсіріп, мұңайып отыратын уақыт жоқ – әрі қарай жұмыс істеп, жеңіске ұмтылуымыз керек. Маусым біз үшін ауыр басталды, алдағы уақытта бәрін түзеп, жағдайды жақсартамыз деп сенеміз.
Бүгін бізге жанкүйерлер керемет қолдау көрсетті. Осындай қолдау әрдайым болса екен дейміз. Алматыда жанкүйерлер бізді үнемі қолдайды, сол үшін оларға алғыс айтқым келеді», – деді клуб қорғаушысы.
Еске салайық, 18 сәуір күні ҚПЛ-дың алтыншы турында «Қайрат» «Каспийді» 2:0 есебімен жеңді.
Алматылықтар екінші таймда екі гол соқты: 55-минутта бразилиялық Эдмилсон есеп ашса, 82-минутта Жоржиньо матчтың нүктесін қойды.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов