Матч орталығы
«Атыраудың» польшалық экс-легионері: «Ақтөбенің» «Легиядан» өтуге мүмкіндігі мол
30.06.2025 12:42

Фото: Павел Барановский
«Атыраудың» бұрынғы легионері Павел Барановский BorodAbata.kz тілшісі Әлім Динасыловқа берген сұхбатында Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Легия» мен «Ақтөбе» арасындағы ойын туралы пікірімен бөлісті.
«Қағаз жүзінде, менің ойымша, «Ақтөбемен» матчта «Легия» фаворит болып табылады. Бірақ қазір Польша клубында көптеген кадрлық өзгерістер жүріп жатыр, ал ойынға өте аз уақыт қалды. Сондықтан «Ақтөбенің» келесі кезеңге шығуға мүмкіндігі мол деп ойлаймын. Қазақстандықтар үшін үлкен артықшылық – ол жақта маусым бел ортасына жетті, ал «Легияда» олай емес. Осы тұста айта кету керек: Польша мен Қазақстанның ең үздік фанаттары кездесейін деп жатыр. Екі стадионда да керемет атмосфера болады. Күштісі жеңіске жетсін», - деді Барановский.
Павел 2022-2023 жылдар аралығында «Атырау» сапында бір жарым маусым ойнады. Польшалық қорғаушы «мұнайшылар» үшін 27 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
«Легия» мен «Ақтөбе» арасындағы алғашқы ойын шілденің 10-нан 11-іне қараған түні Варшавада, қарымта матч 17 шілдеде Ақтөбеде өтеді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов