Матч орталығы
Ресей чемпионы – «Тобылдың» «Қайратқа» қарсы мүмкіндігі жайлы: қостанайлықтарды төмен бағалауға болмайды
11 сәуір, 11:58

«Тобыл» клубының бұрынғы қорғаушысы Ненад Шливич ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында «Қайратқа» қарсы өтетін матч жайлы өз ойын айтты.
«Қазір «Тобылдың» жағдайы мәз емес, әсіресе психологиялық тұрғыдан қиындық бар. Жаттықтырушылар штабы нақты жұмыс жүргізіп, команда алаңға үлкен жігермен шығады деп үміттенемін. Өз жанкүйерлері алдында олар бар күшін салуға міндетті.
Ал «Қайрат» болса, ойын деңгейі бойынша қазіргі таңда елдегі ең мықты клуб. Мұны олардың «Астанаға» қарсы ойынында (4:0) анық көрдік. Мен оларды фаворит санаймын, бірақ Қостанай командасы тосынсый жасай алады. Оларды ешқашан төмен бағалауға болмайды. Қайғының артынан әрдайым қуаныш келетіні белгілі, сондықтан бәрі жақсы жаққа өзгереді деп сенемін», – деді ол.
11 сәуір күні «Тобыл» өз алаңында «Қайратты» қабылдайды. Төрт турдан кейін Нурбол Жұмасқалиев жаттықтыратын команда небәрі бір ұпаймен турнир кестесінің соңында тұр.
Ненад Шливич 2011–2016 жылдары Қостанай клубының намысын қорғаған. Сондай-ақ Ресейдің «Ростов» клубында ойнап, бірінші лиганың чемпионы атанған.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
3Еурокубоктар 11 қыркүйек, 15:22
Өзбекстандық Умарали Рахмоналиев МЮ-ден жеңілуі мен ЧЛ дебюті туралы пікір білдірді
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов