Матч орталығы
Стоилов – Джолчиевтің футболдан ерте кеткені туралы: біз жүз берсек, ол миллион сұрады
16 наурыз, 09:41

Фото: Бауыржан Джолчиев
«Астана» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов Бауыржан Джолчиевтің мансабын ерте аяқтағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Мен келген кезде Бауыржан жақсы ойнап жүрді. Керемет десем де болады. Чемпион атанды, Еуропа лигасында ойнады. АПОЭЛ қақпасына гол соқты. Жауапты ойында ассист жасады. Үздік ойыншы еді.
Содан кейін төңіргендегі адамдар мен агенттер оны «көп ақша табатын мүмкіндігің бар және мұны жасайтын сәт келіп жетті» деп арбаған. «Астана» басшылығы оған бірнеше рет ұсыныс жасады. Аз ақша ұсынды деп ойламаймын. Бірақ оның тәбеті жақсы болды. Біз жүз берсек, ол шамамен миллион сұрады.
Бір-екі жылдан кейін оны қайтадан командаға шақырып, Дубайға оқу-жаттығу жиынына алып бардық. Бірақ ол кезде физикасы нашарлап, деңгейін жоғалтып алған екен.
«Астана» оған 100 пайыз келісімшарт ұсынды. Мен де, Гриша да [Григорий Бабаян], клуб басшысы да оны өзіміздің баламыз сияқты көретін едік. Барынша көмектестік. Бұл Қазақстан футболы үшін өте өкінішті жағдай болды. Мүмкін Еуропадағы үздік ойыншылардың бірі болар ма еді?» – деді Стоилов Zidan4eg LIVE арнасына берген сұхбатында.
Джолчиев кәсіби мансабын небәрі 25 жасында аяқтады. Португалия, Грекия, Норвегия клубтарынан қызығушылық болғанымен, ақыр соңында шамадан тыс көп жалақы сұраған футболшы қазақстандық командаларға да керек болмай қалды.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ернар Ламқадыров