Матч орталығы
Румыниядағы белгілі футболшы «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін
4 наурыз, 14:07

Фото: Себастьян Майлат
Румынияның «Ботошани» клубында ойнайтын сол қапталдағы вингер Себастьян Майлат «Ақтөбеге» ұсынылды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Клуб басшылығы бұл позицияға үміткер бірнеше ойыншымен келіссөз жүргізіп жатыр. 28 жастағы футболшының «Ақтөбеге» ауысу-ауыспауы әзірге белгісіз, алайда «ақ-қызылдардың» оған қызығушылық танытып отырғаны анық.
Румыния чемпионатының биылғы маусымында Майлат 28 матчқа қатысып, 8 гол соқты, 4 нәтижелі пас берлі. Оның нарықтағы құны шамамен 1 миллион 200 мың еуроға бағаланып отыр.
Бұған дейін футболшы Румынияның «ЧФР Клуж», «Тимишоара», «Газ Метан», «Шепши», Кореяның «Сувон» командасында өнер көрсеткен. Сонымен қатар Румынияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнаған.
Ернар Ламқадыров