Матч орталығы
«Тобыл» қақпашысы – бәсекелестік жайлы: бір-бірімізден үйреніп, қолдау көрсетеміз
5 наурыз, 19:25

Фото: Сұлтан Бусурманов
Қостанайлық «Тобыл» клубының қақпашысы Сұлтан Бусурманов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан Суперкубогындағы жеңістен кейін команда ішіндегі бәсекелестік туралы пікір білдірді.
«Бізде үш бірдей мықты қақпашы бар. Барлығымыз клубтың намысын қорғауға дайынбыз. Бір-бірімізге барынша қолдау көрсетеміз. Жаман ой жоқ, тек бәсеке ғана. Жігіттердің жас болғаны да мені жігерлендіреді. Кейбір сәттерде олар мықтырақ, кейбір жағдайларда мен мықтымын. Бір-бірімізден тек үйренеміз. Өткен жылы «Қайратта» да осылай болды: Заруцкий мен Анарбеков барлығына дайын екенін көрсетті. Биыл бізде де дәл сондай жағдай», – деді Бусурманов.
«Қайрат» пен «Тобыл» арасындағы Суперкубок матчының негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында қостанайлықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 11 қыркүйек, 18:10
Джейми Варди Дастан Сәтпаевтың «Бернлиіндегі» алғашқы уәдесін берді
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов