Матч орталығы
Зуев – Суперкубоктағы жеңісі жайлы: жеңісімізге әу баста-ақ сенімді болдық
28 ақпан, 20:19

Фото: Александр Зуев
Қазақстан құрамасының және қостанайлық «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Александр Зуев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан Суперкубогындағы жеңістен алған әсерімен бөлісті.
«Аллаға шүкір, жеңіске жеттік. Соңына дейін берілмей, күрескеніміздің арқасында ұттық. Ойынның соңында есепті теңестіріп кеттік. Ал пенальти сериясы – нағыз лотерея. Бұл жолы бақ бізге бұйырды.
Біз өз жеңісімізге сендік. Жаттығу жиындарындағы жігіттердің сұхбаттарын қарасаңыздар, бәрі де жеңеміз деп сенім білдірді.
Киім ауыстыратын бөлмедегі атмосфера қандай болды дейсіз бе? Жеңіс бізге керемет эмоция сыйлады. Осындай сезімді әр адам өмірінде бір рет болса да сезінсе екен деп тілеймін. Барлығы осылай сәтті аяқталғаны жақсы болды», – деді Зуев.
«Қайрат» пен «Тобыл» арасындағы Суперкубок ойынының негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында қостанайлықтар 5:4 есебімен басым түсті.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов