«Атырау» бапкері футболшылардың жаңа маусымдағы міндетін жариялады
24 ақпан, 00:09

Фото: Виталий Жуковский
«Атыраудың» бас бапкері Виталий Жуковский команданы ҚПЛ-да алып қалуды көздеп отыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бұл туралы ол клубтың жаңа басшылығымен өткен әңгіме барысында мәлімдеген.
Жуковский осы қысқы маусымаралық кезеңде құрамды өзі жасақтап, командаға белорусиялық Егор Хвалько, украиналықтар Дмитрий Юсов пен Александр Нойок, ресейлік Дмитрий Яшинді, сондай-ақ қазақстандық Абылайхан Жұмабекті және басқа да футболшыларды шақырды.
Жуковский «Атыраудағы» жұмысын жалғастыра беруі мүмкін. Клубтың болашақ иелері жаттықтырушылар штабының алдына бұдан да жоғары, ауқымды мақсаттар қойып, бас бапкерге толық еркіндік беруді жоспарлап отыр.
Өткен маусымда «Атырау» ҚПЛ-да қалу үшін күресіп, турнирлік кестеде он үшінші орын алған болатын.
Әлім Динасылов