«Астана» қайта құрылуы мүмкін, «Қайрат» топ-трансферлерсіз қалады»: ресейлік сарапшы – ҚПЛ-дағы өзгерістер туралы
22 ақпан, 10:47
Фото: Бауыржан Исламхан («Астана») және Себастьян Себальос («Қайрат»)
Орталық Азия футболын сараптайтын маман әрі Eurasia Football жобасының ауторы Александр Троицкий ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-дың жетекші клубтарының трансфер нарығындағы жұмысын бағалады.
«Ақтөбе»
«Команда үшін алаңдайтын Мухановтың сарапшылық пікіріне қосарым шамалы. Жекешелендіру – «Ақтөбе» үшін де, жалпы қазақстандық футбол үшін де алға басылған үлкен қадам. Ал Нанимен келісімшартқа отыру – көбіне маркетингтік қадам. Өз басым, Нани футболшы ретінде «ақ-қызылдардың» нәтижесіне түбегейлі әсер ете қоймас деп топшылаймын.
Ең басты трансфер деп Иван Ордецті атар едім. Сондай-ақ «Ақтөбе» «бүгінге сақадай сай» Желькович пен Альваресты алып, жақсы күшейді. Бұл жақын арадағы міндеттемелерге арналған прагматикалық таңдау сияқты көрінеді.
Сонымен қатар, клубтың бірнеше маңызды қазақстандық ойыншыны жіберіп алғаны мені таңғалдырды. Атап айтқанда, Қасым, Өміртаев және Скворцовты. «Жергілікті ойыншылар жағынан ақсап қалу» қаупі болды. Иә, Заруцкийді шақырды – қазақстандық қақпашы мәселесі жабылды, бұл Владқа деген үлкен құрметпен айтқанда, өте жақсы шешім.
Бірақ қазір «Ақтөбе» төңірегіндегі басты мәселе – бас бапкердің орны. Мәселе кімнің бас бапкер болатынында да емес, оның айналасындағы ақпараттық шу командаға сенімділік бере қоймайды. Маусым басталар алдындағы бапкерлер штабына қатысты белгісіздік – әсіресе чемпиондық амбициясы бар команда үшін ең нашар жағдай», – деді Троицкий.
«Тобыл»
«Нұрбол Жұмасқалиевтың қол астындағы команда өте қызық көрінеді, келер маусымда да осындай тұрақты ойын күтемін. Трансферлік саясаты ұқыпты әрі меніңше қисынды: ойыншылар тек керекті позицияларға алынды.
Басты мәселе – Чесноковқа теңдес ізбасар табу. Герраны алды, бірақ мен үшін венесуэлалық ойыншы әзірге «жұмбақ». Ислам әмбебап болды, оны «Хартстың» алып кетуі де кездейсоқ емес. Луис, үлкен ықтималдықпен, «таза» вингер болады. Оның Хебаймен қалай тіл табысып, ойнап кететініне көп нәрсе байланысты.
Жұмат пен Маратты алды, олар да «жарқ етіп» шығуы мүмкін, бірақ бұл көбіне ротацияға арналған сияқты сезіледі. Егер солай болса, Герраға қойылған бәс өз жемісін беруі тиіс: әйтпесе негізгі ойыншыны алмастыру сәтсіз боп қалды деген сөз.
Рубин Хебайға келетін болсақ, көп нәрсе Жұмасқалиевтің албаниялықпен ортақ тіл табыса алуына тіреледі. Бірақ ол талантты әрі гол соға білетін футболшы. Оның деңгейі Сигневичтен төмен емес екені анық. Жартылай қорғаныс орталығында да жоспарлы ауыс-түйіс жүріп жатыр», – деп есептейді сарапшы.
«Қайрат»
«Алматылықтар қазірдің өзінде орын алған елеулі шығындарға қарамастан, чемпионатта жеңіске жетудің басты үміткерлері болып қала береді. Бірінші кезекте Арад, Сорокин және Громыко туралы сөз болып отыр. Оған қоса күзде Сәтпаевтың кетуі бар.
Африконың Сорокинді қаншалықты алмастыра алатыны және финдердің қандай ойын көрсететіні де қызық. Эмоцияны шетке ысырсақ: Африко Түркияның бірінші лигасынан келді, финдер – еуропалық грандтар тізіміне кірмейтін өз чемпионатынан келді. Себальос келген Боливия чемпионаты туралы да осыны айтуға болады.
Енді тек скауттар мен Уразбахтиннің тәжірибесіне сену қалады. Кімді және қандай рөлге шақыру керектігін олар жақсырақ біледі. Егер дұрыс есептесем, «Қайраттың» өтініміндегі легионерлерге арналған квота жабылды. Демек, атышулы трансферлер күтудің қажеті жоқ. Тек «Зениттегі» Әліп деңгейіндегі нұсқа пайда болмаса», – деді маман.
«Астана»
«Қазір елордалықтардың айналасында қауесет көп: не жекешелендіру, не қаржыландыруды қысқарту туралы. Тіпті одан да радикалды сценарийді жоққа шығармаймын – реформалар толқынында жоғарыдағылар клубты «қайта құруға» тырысса немесе елорданың бас командасы рөлін «Жеңіске» беріп те қалуы мүмкін.
Бірақ қазіргі таңда «Астана» Қазақстанның ең көп титулы бар командасы және алтынға үміткерлердің бірі болып қалатыны шындық. Біріншіден, Бабаян өз ісін біледі: команда оқу-жаттығу жиындарында да дерлік ұтылмады. Екіншіден, Эбонг, Чинеду және Грипшиді сатқанына, сондай-ақ Шомко мен Марочкиннің кетуіне қарамастан, құрамның құны бойынша «Астана» «Тобыл» мен «Ақтөбеден» айтарлықтай қалыспайды», – деп қорытындылады Троицкий.
Еске салайық, Қазақстанда жаңа футбол маусымы 28 ақпанда басталады. Бұл күні Астанада қазіргі чемпион алматылық «Қайрат» пен ел Кубогының иегері қостанайлық «Тобыл» арасында Қазақстан Суперкубогы үшін матч өтеді. ҚПЛ-дың бірінші тур ойындары 6–8 наурыз аралығына жоспарланған.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 22 ақпан, 21:01
Нигерия құрамасының экс-ойыншысы – «Қайсар» туралы: Мозес пен Эзекиль айтарлықтай көмек береді
1
Еурокубоктар 22 ақпан, 19:17
Семак «Қайраттың» – ЧЛ-ға шығуы туралы: тақым қыстық, бұл тосынсый болды
2
Ұлттық құрама 22 ақпан, 17:03
Әліп – «Зенит» жанкүйерлерімен қарым-қатынасы туралы: Петербург көшелерінде жиі таниды
4Турнирлік кесте
Қазақстан. Премьер-лига
#
Команда
Ұпай
1
Қайрат 59
2
Астана 57
3
Тобыл 54
4
Елімай 48
5
Ақтөбе 43
6
Жеңіс 36
7
Ордабасы 35
8
Оқжетпес 35
9
Қызылжар 27
10
Ұлытау 23
11
Қайсар 22
12
Жетісу 21
13
Атырау 19
14
Тұран 16
#
Команда
Ұпай
1
Арсенал 49
2
Манчестер Сити 43
3
Астон Вилла 43
4
Ливерпуль 35
5
Брентфорд 33
6
Ньюкасл Юнайтед 32
7
Манчестер Юнайтед 32
8
Челси 31
9
Фулхэм 31
10
Сандерленд 30
11
Брайтон 29
12
Эвертон 29
13
Кристал Пэлас 28
14
Тоттенхэм 27
15
Борнмут 26
16
Лидс 22
17
Ноттингем Форест 21
18
Вест Хэм 14
19
Бёрнли 13
20
Вулверхэмптон 7
#
Команда
Ұпай
1
Барселона 49
2
Реал Мадрид 45
3
Вильярреал 41
4
Атлетико Мадрид 38
5
Эспаньол 34
6
Бетис 29
7
Сельта 29
8
Атлетик Бильбао 24
9
Эльче 23
10
Райо Вальекано 22
11
Реал Сосьедад 21
12
Хетафе 21
13
Жирона 21
14
Севилья 20
15
Осасуна 19
16
Алавес 19
17
Мальорка 18
18
Валенсия 17
19
Леванте 14
20
Реал Овьедо 13
#
Команда
Ұпай
1
Бавария 44
2
Боруссия Дортмунд 36
3
Штутгарт 32
4
РБ Лейпциг 29
5
Байер 04 29
6
Хоффенхайм 27
7
Айнтрахт Франкфурт 26
8
Фрайбург 23
9
Унион Берлин 22
10
Боруссия М 19
11
Кёльн 17
12
Вердер 17
13
Гамбург 16
14
Вольфсбург 15
15
Аугсбург 14
16
Майнц 12
17
Санкт-Паули 12
18
Хейденхайм 12
#
Команда
Ұпай
1
Интер Милан 43
2
Милан 40
3
Ювентус 39
4
Наполи 39
5
Рома 39
6
Комо 34
7
Аталанта 31
8
Лацио 28
9
Болонья 27
10
Удинезе 26
11
Сассуоло 23
12
Торино 23
13
Кремонезе 22
14
Парма 21
15
Дженоа 19
16
Кальяри 19
17
Лечче 17
18
Фиорентина 14
19
Пиза 13
20
Верона 13
#
Команда
Ұпай
1
Ланс 40
2
ПСЖ 39
3
Марсель 32
4
Лилль 32
5
Лион 30
6
Ренн 30
7
Страсбур 24
8
Тулуза 23
9
Монако 23
10
Анже 22
11
Брест 22
12
Лорьян 19
13
Гавр 18
14
Ницца 18
15
Париж 16
16
Нант 14
17
Осер 12
18
Метц 12
Әлишер Аманжол