Матч орталығы
«Ақтөбе» Феликс Магатпен келіссөз жүргізіп жатыр: бапкер Анталияда жүр
21 ақпан, 19:20

Фото: Феликс Магат
«Бавария» (екі дүркін чемпион, екі мәрте Германия Кубогының иегері), «Вольфсбург» (чемпион), «Шальке-04» (екінші орын) клубтарының бұрынғы бапкері Феликс Магат «Ақтөбемен» келісімшартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Германиялық маман өз командаларының физикалық дайындығына баса назар аударуымен танымал.
Магаттың соңғы жаттықтырған клубы «Герта» болды, ол бұл командадан 2022 жылы кеткен. Ойыншы мансабына келер болсақ, ол ГФР құрамасы сапында 43 матч өткізіп, үш гол соққан. 1980 жылғы Еуропа чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері (1982, 1986).
Егер «Ақтөбе» онымен ортақ мәмілеге келе алса, бұл қазақстандық футбол тарихындағы ең айтулы тағайындау болмақ. Қазіргі уақытта Магат «ақ-қызылдар» оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Анталияда жүр.
Айта кетейік, БАҚ беттерінде «Ақтөбенің» бас бапкері Николай Костовтың қызметінен кетуі мүмкін екендігі туралы ақпарат бірнеше рет жарияланған болатын.