Матч орталығы
Тағыберген – «Қайратпен» өтетін Суперкубок жайлы: былтыр да біз фаворит саналмадық
22 ақпан, 21:45

Фото: Асхат Тагыберген
Қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ASnews.kz сайтына берген сұхбатында команданың алматылық «Қайратқа» қарсы ел Суперкубогы матчына дайындығы туралы айтып, клубтың жаңа ойыншыларының бейімделуін бағалады.
«Денсаулығым жақсы. 28 ақпанда «Қайратқа» қарсы өтетін Суперкубокқа дайынбыз. Бәрін ойын көрсетеді. Біз міндетті түрде жүлдені алуымыз керек деген қағида жоқ. Бұл – футбол, бұл – 90 минут. Иә, «Қайрат» чемпион атанды, ал біз Кубокты алдық. Бұл матч кімнің мықты екенін көрсетеді.
Былтыр да бізді чемпиондыққа таласатын фавориттер қатарына қосқан жоқ. Біз өз бағытымызбен жүріп, еңбектене береміз. Басқа командаларды немесе өзімізді фаворит ретінде бөліп-жарып айтқым келмейді. Бәрін маусым барысында көреміз.
Жаңа ойыншыларымызға келсек, әрине, оларға мен баға бермеуім керек. Бейімделу жағынан оларда ешқандай мәселе жоқ – футболдың тілі біреу. Олар біздің ұжымда өздерін жақсы сезініп жүр. Алдағы уақытта да олардың үйренісіп кетуіне көмектесеміз», – деді Тағыберген.
Еске салайық, Қазақстанның қазіргі чемпионы алматылық «Қайрат» пен ел Кубогының иегері қостанайлық «Тобыл» арасындағы Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін матч 28 ақпанда Астанада өтеді.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов