Әзербайжандық сарапшы – Покатилов жайлы: ол бүкіл командаға сенімділік береді
16 ақпан, 09:20

Фото: Стас Покатилов
CBC Sport арнасының тілшісі Сүлейман Велиев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Сабахтың» чемпиондыққа таласу мүмкіндігін және командадағы қазақстандық қақпашы Стас Покатиловтың рөлін бағалады.
«Иә, «Сабах» – чемпиондыққа үміткер команда. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет «Карабахтың» шынайы қарсыласы пайда болды. Мұның басты себебі – ойын сапасы. Дамбраускас («Сабахтың» бас бапкері – ред.) ақаусыз жұмыс істейтін жүйе құра білді.
Мұндай деңгейдегі «Сабахтың» пайда болуы «Карабахтың» Чемпиондар лигасындағы ойындарымен тұспа-тұс келді, ал бұл матчтарға команда көп күш жұмсайды. Қазан-қараша айларында «Сабах» чемпион атанады дегенге сенбегендер көп болды, бірақ тур сайын бұл нәтижеге сенетіндер көбейіп келеді», – деді Велиев.
Журналист қазақстандық қақпашының команда ойынына әсер ететінін ашық айтты:
«Покатилов – команданың алмастырылмайтын қақпашысы. Оның келуімен клубтың осы позициядағы көптен бергі мәселесі шешіліп, тұрақтылық орнады.
Биылғы маусымда оның қақпасына қауіпті сәттер көп бола бермейді, бірақ қажет кезде ол әрдайым құтқарып қалады. Стас – бүкіл командаға сенімділік сыйлайтын қақпашы», – деп қосты сарапшы.
Бұған дейін БАҚ беттерінде 33 жастағы Покатиловтың жазда клуб ауыстыруы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Түркия клубтарының қақпашыға қызығушылық танытып отырғаны да хабарланған.
19 турдан кейін «Сабах» Әзербайжан чемпионатының турнирлік кестесінде 46 ұпаймен бірінші орында тұр және «Карабахтан» 4 ұпайға алда келеді.
Тағы да оқыңыз
Бүгін, 13:33
Сәтпаев бастапқы құрамда: Алонсо «Вестерн Сидней Уондерерспен» өтетін матчқа «Челсидің» құрамын жариялады
Бүгін, 13:18
«Жеңіс үшін бәрін жасаймыз»: «Қайраттың» қорғаушысы Широбоков – «Омонияға» қарсы матч туралы
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 шілде, 14:54
Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамы сапындағы алғашқы голын соқты: видео
1Халықаралық футбол 28 шілде, 13:33
Сәтпаев бастапқы құрамда: Алонсо «Вестерн Сидней Уондерерспен» өтетін матчқа «Челсидің» құрамын жариялады
2Еурокубоктар 28 шілде, 13:18
«Жеңіс үшін бәрін жасаймыз»: «Қайраттың» қорғаушысы Широбоков – «Омонияға» қарсы матч туралы
3Еурокубоктар 28 шілде, 13:16
«Есеп маңызды емес, бастысы – келесі кезеңге өту»: Уразбахтин «Қайраттың» «Омонияға» қарсы қарымта ойыны туралы
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
45
2
43
3
32
4
31
5
30
6
27
7
27
8
22
9
22
10
21
11
20
12
19
13
18
14
18
15
16
16
14
#
Команда
Ұпай
1
85
2
78
3
71
4
65
5
60
6
57
7
54
8
53
9
53
10
52
11
52
12
49
13
49
14
47
15
45
16
44
17
41
18
39
19
22
20
20
#
Команда
Ұпай
1
94
2
86
3
72
4
69
5
60
6
54
7
51
8
50
9
49
10
46
11
46
12
45
13
43
14
43
15
43
16
42
17
42
18
42
19
41
20
29
#
Команда
Ұпай
1
89
2
73
3
65
4
62
5
61
6
59
7
47
8
44
9
43
10
40
11
39
12
38
13
38
14
32
15
32
16
29
17
26
18
26
#
Команда
Ұпай
1
87
2
76
3
73
4
71
5
70
6
69
7
59
8
56
9
54
10
50
11
49
12
45
13
45
14
43
15
42
16
41
17
38
18
34
19
21
20
18
#
Команда
Ұпай
1
76
2
70
3
61
4
60
5
59
6
59
7
54
8
53
9
45
10
45
11
44
12
39
13
36
14
35
15
34
16
32
17
24
18
17
Әлім Динасылов