Матч орталығы
Бірінші лиганың үздік сұрмергені «Ертіске» оралады
3 ақпан, 16:44

Фото: Мирас Тұрлыбек
Павлодар футболының түлегі Мирас Тұрлыбек Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында «Ертіс» клубымен бірге дайындалып жүр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Дереккөздің мәліметінше, 23 жастағы шабуылшыға түркістандық «Тұран» клубы да қызығушылық танытқан. Алайда футболшы туған клубы – «Ертіске» ауысу туралы шешім қабылдаған.
Өткен маусымды Тұрлыбек «Каспий» сапында өткізді. Ол 2025 жылғы бірінші лиганың үздік сұрмергені атанып, 23 матчта 23 гол соқты.
Мирас Тұрлыбек – «Ертіс» клубының түлегі. 2020 жылы «Ақсуға» ауысып, 2024 жылы «Екібастұз» командасының қатарын толықтырған. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасы сапында екі матч өткізген.
Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 250 мың еуроға бағалап отыр.
Әлім Динасылов