Матч орталығы
Куленко – «Ақтөбенің» Наниді алуы жайлы: бұл – пиар, бірақ мақсатын түсінбедім
2 ақпан, 18:29

Фото: Луиш Нани (оң жағында)
«Ақтөбе» басқармасының бұрынғы төрағасы Сергей Куленко ASnews.kz сайтына берген сұхбатында португалиялық футболшы Луиш Нанидің келуіне қатысты күмәнін білдірді.
«Осындай бір ескі мақал бар: біреу рояльде ойнауы керек, ал біреу оны тасуы керек. Меніңше, қазір негізінен сол рояльде ойнайтындар шақырылып жатқан сияқты.
Кешіріңіздер, бірақ оны кім тасиды? Кім жүгіріп, алаңда нәтиже шығарады? Бір-екі ардагер болғаны жақсы, бірақ олар тым көп болса... Мұның соңы неге әкелерін білмеймін».
Клубтың экс-басшысы жаңа басшылықтың түпкі мақсатын түсінбейтінін мойындады.
«Иә, Нанидің келуі – бұл пиар. Бірақ бұл пиардың мақсаты қандай? Ешкім жаңа төрағаның ойын оқып, не қалайтынын біле алмайды. Қадам жақсы-ақ, бірақ әзірге стратегияны көріп тұрған жоқпын.
Ардагерлерге физикалық тұрғыдан өте қиын болады. Қазір жастардың деңгейі, әсіресе физикалық жағынан әлдеқайда жоғары. Тәжірибе деген керемет, бірақ құр тәжірибемен алысқа бара алмайсың».
Сондай-ақ, Куленко жұлдызды жаңа ойыншылардың денсаулығы мен мотивациясына қатысты мәселелер туындауы мүмкін екенін ескертті.
«Бір ойыншы команда емес. Ол ұзақ қашықтықта өзін қалай көрсетеді? 2-3 айдан кейін жарақат алып қалса ше? Немесе жай ғана: «жігіттер, рақмет, мен үйге қайттым» десе ше? Әзірге ештеңе түсініксіз. Бәрі ойдағыдай болсын деп тілеймін, бірақ сұрақ өте көп», – деп қорытындылады Сергей Куленко.
Еске салайық, Куленко 2024 жылы «Ақтөбе» басқармасының төрағасы қызметін атқарған. Бұған дейін функционер «қызыл-ақтардың» басқару саясатын сынаған болатын.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов