Матч орталығы
Нұрали Жақсылық Грузияның «Колхети 1913» клубына кетті
25 қаңтар, 14:28

Фото: Нұрали Жақсылық
Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Нұрали Жақсылық Грузияның «Колхети 1913» клубында жаттығып жүр, деп хабарлайды ASnews.kz.
21 жастағы футболшы әзірге бұл клубпен келісімшартқа қол қойған жоқ. Бірақ бұған дейін елордалық «Астанамен» келісімшартын ұзартқан еді. Жақын арада Жақсылық Еуропаның бір клубына жалға беріледі.
Футболшыға Литваның «Жальгирис» және «Кауно Жальгирис» клубтары, сондай-ақ Албанияның «Партизани» командасы қызығушылық танытқан болатын.
Өткен маусымда Қостанайдың тумасы Қазақстан Премьер-лигасында 15 матчқа қатысып, 3 гол соқты, 2 нәтижелі пас бербі. Бірақ алаңда бар болғаны 575 минут өткізді.
Әлім Динасылов