Матч орталығы
«Црвена Звезда» академиясының түлегі «Жеңіс» клубында қаралымда жүр
21 қаңтар, 21:59

Фото: Богдан Петрович
Сербиялық вингер Богдан Петрович елордалық «Жеңіс» клубының оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
22 жастағы футболшы «Приштинаға» қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. Ойын 1:0 есебімен косоволық клубтың пайдасына аяқталды.
Петрович «Црвена Звезданың» жастар командасынан бөлек, өз отанында «Бачка Топола», «Слобода» клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ БАӘ-нің «Аль-Наср» командасы мен Грекияның «Панагриакос» клубында ойнаған.
Қаңтар айынан бері футболшы еркін агент ретінде жүр.
Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 150 мың еуроға бағалап отыр.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
1Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов