Нанимен ойнаған футболшы – «Ақтөбеге» ауысу жайлы: жай ғана уақыт өткізбейді
18 қаңтар, 13:36
Фото: Нани (сол жағында), Магомедалиев (ортада) және Айымбетов (оң жақта)
«Қарабақ» пен Әзірбайжан құрамасының қақпашысы Шахрудин Магомедалиев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында португалиялық жұлдыз Нанидің «Ақтөбеге» ауысуы туралы ақпаратқа пікір білдірді.
«Команданы алаңға шықпай-ақ күшейтуге болады. Нани – ешқандай асыра сілтеусіз футбол аңызы. Ол киім ауыстыратын бөлмеде және жаттығуларда өте маңызды футболшы, әрқашан қолдау көрсетіп, әсіресе жастарға ақыл-кеңесін айтып отырады.
Сондықтан, Луиш бабында болмаса да, командаға көмектеседі. Ол өзін күтетін нағыз кәсіби маман. Егер Нани «Ақтөбеге» ауысуды шешсе, оның жай ғана уақыт өткізу үшін келмейтіні анық», – деді Магомедалиев.
Магомедалиев пен Нани 2023/24 жылғы маусымда түркиялық «Адана Демирспор» сапында бірге өнер көрсеткен. Футболшылар бірге 16 ойын өткізді.
Айта кетейік, сол маусымда Нани түркиялық клуб сапында «Ақтөбе» түлегі әрі Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовпен бірге үш матчқа қатысты.
БАҚ мәліметінше, «Ақтөбе» Нанимен бір жылдық келісімшарт жасасқан. Португалиялықтың жалақысы ҚПЛ тарихындағы рекордтық көрсеткіш болады деп күтілуде.
Футболшы 22 қаңтарда Алматыға ұшып келеді, содан кейін ресми таныстырылым үшін Ақтөбеге аттанады.
Нани – «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы, ол ағылшын клубы сапында Чемпиондар лигасын жеңіп, төрт рет АПЛ чемпионы атанды. Сондай-ақ «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио» және басқа клубтарда ойнаған. Португалия құрамасы сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатын жеңген.
Тағы да оқыңыз
«Брюгге» капитаны – қазақстандық футболшылар жайлы: еуропалық клубтарға кетуге шамасы жетеді
«Қайрат» футболшысы – «Астана Аренадағы» қолдау туралы: жанкүйерлер көп болса екен деймін
Басты жаңалықтар
«Брюгге» капитаны – қазақстандық футболшылар жайлы: еуропалық клубтарға кетуге шамасы жетеді
2«Қайрат» футболшысы – «Астана Аренадағы» қолдау туралы: жанкүйерлер көп болса екен деймін
3«Қайрат» қорғаушысы «Брюггеден» жеңілу себебін түсіндірді: қазір деңгейіміз осындай болып тұр
4Турнирлік кесте
Қайрат
Астана
Тобыл
Елімай
Ақтөбе
Жеңіс
Ордабасы
Оқжетпес
Қызылжар
Ұлытау
Қайсар
Жетісу
Атырау
Тұран
Арсенал
Манчестер Сити
Астон Вилла
Ливерпуль
Брентфорд
Ньюкасл Юнайтед
Манчестер Юнайтед
Челси
Фулхэм
Сандерленд
Брайтон
Эвертон
Кристал Пэлас
Тоттенхэм
Борнмут
Лидс
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Эспаньол
Бетис
Сельта
Атлетик Бильбао
Эльче
Райо Вальекано
Реал Сосьедад
Хетафе
Жирона
Севилья
Осасуна
Алавес
Мальорка
Валенсия
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Хоффенхайм
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Боруссия М
Кёльн
Вердер
Гамбург
Вольфсбург
Аугсбург
Майнц
Санкт-Паули
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Ювентус
Наполи
Рома
Комо
Аталанта
Лацио
Болонья
Удинезе
Сассуоло
Торино
Кремонезе
Парма
Дженоа
Кальяри
Лечче
Фиорентина
Пиза
Верона
Ланс
ПСЖ
Марсель
Лилль
Лион
Ренн
Страсбур
Тулуза
Монако
Анже
Брест
Лорьян
Гавр
Ницца
Париж
Нант
Осер
Метц
Әлім Динасылов