Матч орталығы
Демченко ҚПЛ мен Әзірбайжан чемпионатын салыстырды: «Қайрат» та, «Карабах» та ЧЛ-да ойнайды
17 қаңтар, 10:49

Фото: Андрей Демченко
Әзербайжандық «Араз-Нахчыван» клубының бас бапкері, бұған дейін елордалық «Жеңісті» жаттықтырған Андрей Демченко ASnews.kz сайтына берген сұхбатында жергілікті чемпионаттың деңгейі туралы алғашқы әсерімен бөлісіп, оны Қазақстан Премьер-лигасымен салыстырды.
«Әзірге жұмыс процесіне толықтай кіріскен жоқпын, матчтарды тек бейнематериалдар арқылы көрдім. Сондықтан ішкі атмосфераны қазірше нақты сипаттап айта алмаймын.
Дегенмен, «Қайрат» та, «Қарабах» та Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ойнап жүргенін ескерсек, чемпионаттардың деңгейін шамалас деуге болады», – деді Демченко.
2025/26 жылғы маусымда алматылық «Қайрат» пен әзербайжандық «Қарабах» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Андрей Демченко «Араз-Нахчыван» клубының тізгінін осы қыста ұстап, «5 ай + 1 жыл» схемасымен келісімшартқа отырды. Бұған дейін ол «Жеңіс» командасында жақсы нәтиже көрсеткен еді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
1Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов