Матч орталығы
«Ақтөбе» Костовтың қызметінен кетуі жайлы ақпаратты жоққа шығарды
15 қаңтар, 17:18

Фото: Николай Костов
«Ақтөбе» ФК болгариялық бапкер Николай Костовтың болашағына қатысты шешім қабылдауға асығып отырған жоқ, деп хабарлайды ASnews.kz.
Клуб өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда оның қызметтен кетуі туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ және басшылық басқа мамандармен келіссөз жүргізбеген.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында шетелдік жаттықтырушылардың есімдері аталған болатын. Олардың қатарында Станимир Стоилов, Владимир Вайсс және Роман Григорчук бар.
Николай Костовтың «Ақтөбемен» жарамды келісімшарты бар. Қазіргі таңда команда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, ал бұл жиын 29 қаңтарға дейін жалғасады.
Ернар Ламқадыров