Матч орталығы
Грузияда жүрген ҚПЛ клубтарының экс-қақпашысы Қазақстанға оралады
10 қаңтар, 18:54

Фото: Степан Сикач
«Ақжайық» пен «Қайсар» клубтарында ойнаған молдовалық қақпашы Степан Сикач талдықорғандық «Жетісу» клубына ауысады, деп хабарлайды ASnews.kz.
37 жастағы қақпашы «Динамо Тбилисиден» кетіп, қазір еркін агент ретінде жүр.
Сикач кәсіби мансабын Молдованың «Шериф» клубында бастаған. Қазақстанға келмес бұрын Ресейдің бірнеше командасында өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Терек», «Торпедо», «Волгарь», «Салют» және «Афпис» клубтарының намысын қорғады. Сондай-ақ қақпашы Грузияның «Колхети» мен «Самтредия» командаларында да ойнаған. Қазіргі таңда Сикачтың трансферлік құны 25 мың еуроға бағаланып отыр.
Қазақстан Премьер-лигасы аясында молдовалық қақпашы 69 матч өткізіп, 84 гол жіберіп алды.
Бұған дейін «Астана» клубының бұрынғы қақпашысы Данил Подымскийдің де талдықорғандық «Жетісу» командасының оқу-жаттығу жиынына қосылатыны белгілі болған еді.
Әлім Динасылов