Матч орталығы
«Астананың» бұрынғы қақпашысы ҚПЛ-дың басқа командасына қосылды
9 қаңтар, 20:53

Фото: Даниил Подымский
«Астана» клубының бұрынғы қақпашысы Данил Подымский талдықорғандық «Жетісу» командасының оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды ASnews.kz.
27 жастағы қақпашы «Оқжетпес» клубынан кеткен. Ол бұл командада 2024 жылдан бері ойнап, ұжымның Премьер-лигаға қайта оралуына үлес қосты.
«Қайрат» академиясының түлегі 2016 жылдан бастап елордалық «Астана» клубының құрылымында болды, алайда негізгі командада небәрі екі матч өткізді. Сонымен қатар Подымский «Алтай» мен «Каспий» клубтарында жалдау шарты бойынша өнер көрсетті.
Подымский кәсіби мансабында 25 матч өткізіп, қақпасына 47 гол жіберіп алды.
«Астана» сапында ол ел чемпионатының жеңімпазы атанып, Қазақстан Суперкубогын иеленді, сондай-ақ «Оқжетпестің» КПЛ-ға жолдама алуына көмектесті.
Әлім Динасылов