«Мен – шымкенттікпін»: Мбодж «Ордабасыға» оралу жайлы айтып, «Қайрат» пен «Қарабахты» салыстырды

8 қаңтар, 08:32

«Мен – шымкенттікпін»: Мбодж «Ордабасыға» оралу жайлы айтып, «Қайрат» пен «Қарабахты» салыстырды

Фото: Мамаду Мбодж

Қазақстан Премьер-лигасында жақсы қырынан көрінген африкалық футболшылар аз емес: Жерар Гоу, Жуниор Кабананга, Патрик Твумаси. Ал бірнеше жыл бұрын «Ордабасы» сапында сенегалдық қорғаушы Мамаду Мбодж өнер көрсетті. Кейін белгілі болғандай, Қазақстан чемпионы шымкенттік клубтан дау-жанжалмен кеткен екен.

ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 32 жастағы футболшы:

  • неліктен жұлдызды ойыншылардың Вьетнамға кетіп жатқанын;
  • «Ордабасыдан» не себепті кеткенін айтып;
  • Дастан Сатпаевты «Реалдың» экс-шабуылшысымен салыстырды;
  • Сондай-ақ Африкадағы ең мықты құрамалардың біріндегі тәжірибесі туралы айтты.

– Мамаду, «Тханьхоаға» ауысқаныңызға бес ай өтті. Вьетнам футболының деңгейі қандай?

– Жаман емес. Алғашқы алты команданың қарқыны мен физикалық дайындығы таңғалдырды. Бірақ мұнда техника мен позициялық ойыннан гөрі күш пен төзімділік маңызды рөл атқарады екен.

– Командадағы әріптесіңіз – бұрынғы «Мақтаарал» ойыншысы Одилжон Абдурахманов. Онымен бірге бұл жаққа бейімделу жеңілірек пе?

– Әрине. Ол өте мықты футболшы. Бұрын Вьетнамда ойнаған, сондықтан маған көп көмектесті. Оның ерекше қасиеттері бар.

– Вьетнамда Рожерио Шина мен Давид Энен де ойнайды. Футболшыларды Оңтүстік-Шығыс Азияға не тартады?

– Елдің өзі тамаша: өмір сүру арзанырақ, табиғаты әдемі, халқы ашық. Чемпионат та дамып келеді. Егер алғашқы екі орынға табан тіресең, АФК Чемпиондар лигасында ойнайсың.

– 2025 жылы «Ордабасының» ойынын бақыладыңыз ба?

– Әрине. Бұл клуб пен жанкүйерлерін әлі де жақсы көремін. Өкінішке қарай, мен кеткеннен кейін жағдайлары нашарлап кетті. Шымкент бұдан да жоғары нәтижеге лайық. 2023 жылы чемпион атанып, клуб үшін медаль мен Кубок жеңіп алуды жыл сайынғы міндет етіп бекіттік.
Басшылықта қажетті ресурстардың бәрі бар. Стадионды жаңартқанын байқадым, бірақ теориялық тұрғыдан қолдарынан келетін дүниенің жартысына да жете алмады.

– «Ордабасы» дегенде ойыңызға не келеді? Қайта оралуыңыз мүмкін бе?

– Қазақстан туралы көп білмейтінмін, бірақ керемет клубқа түстім. Лық толы стадион, фанаттардың махаббаты — өмірімде мұндайды алғаш рет көрдім. Бұл кездер есімнен кетпейді.

– Ерланов және Малыймен бірге мықты трио болдыңыздар. Мұның сыры неде?

– Өте оңай. Клубқа алғаш келген сәтімде Малый мені қанатының астына алды. Бірге тамақтанып, өмір туралы көп сөйлесетінбіз. Кейін Темірланмен, Асхатпен жақын болдық. Ол кезде «Ордабасы» – нағыз отбасы еді.

– Малый 35 жасында да ойнап жүр. Оның ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейде ойнауының сыры неде? Әлде бұл КПЛ деңгейінің төмен екенін білдіре ме?

– Мұның бәрі Сергейдің жауапкершілігі мол әрі кәсіби футболшы болуымен байланысты. Мен оның тамақтануына, ұйқысына және қалыпқа келуіне қалай мән беретінін көрдім, өзім де көп нәрсе үйрендім. Ол өте ұқыпты, талапшыл футболшы әрі жақсы адам. Тағы бірнеше маусым ойнаса да таңғалмаймын.
Бұл Премьер-лиганың жылдамдығына емес, Малыйдың өзіне байланысты. Оның арқасында мен әрдайым кешкі сағат 10-ға дейін ұйықтап қалатынмын.

– Қазақстанда трансферлік құныңыз 600 мың еуроға жетті. Бұл мансабыңыздың шыңы ма?

– Менің прайм кезеңім «Нефтчиде» болды. Чемпион атандық, бірде-бір ойыннан тыс қалмай, Чемпиондар лигасына жолдама алдық. Өкінішке орай, команда тіпті Конференция лигасында ойнаған жоқ, бірақ ол кезең бәрібір мен үшін үздік болды

Факт: 2021 жылы «Нефтчи» «Карабахтың» жеті жылға созылған гегемониясын тоқтатты.

«Ордабасыда» өзіне тән ерекше атмосфера бар еді. Маған клубтың құрылымы ұнады, кейде оң қапталда ойнауыма мүмкіндік беретіндері де көңілімнен шықты. Маусымдағы ойындардың 90 пайызына қатыстым. Еурокубоктар болсын, ішкі турнирлер болсын – ешқайсысынан шет қалған жоқпын. Ең бастысы – сол уақытқа дейін клуб Қазақстан чемпионы атанбаған еді.

— «Легиямен» өткен матчтан (2:2) кейін Ербол Қайыровпен түсініспеушілік болды. Осы бір оғаш жағдай туралы айтып берсеңіз.

— Бұл менің қателігім болды (күледі). Ерболды басқа бір жігітпен шатастырып алдым. «Легиямен» ойынға бірнеше күн қалғанда менің ойынымды сынап, жағымсыз пікір жазғанын оқыдым. Түсінемін, бұл – оның жұмысы, қазір болған жағдайға байыппен қараймын. Бірақ ол кезде өзіме қатты қабылдап қойдым. «Шынымен де әлсіз болып тұрмын ба? Мұнша сын қайдан шықты?» деп ойладым.
Сол жазба маған керісінше мотивация берді. Матч алдындағы түні төсекте жатып: «Поляктарға қарсы алаңға шығамын, гол соғамын да, міндетті түрде сол жазбаның авторына жолдаймын», – деп ойладым. Ал Қайыровты матч алдындағы жаттығуда көрген едім. Бәрін сол ұйымдастырғандай көрінді (күледі). Өте ыңғайсыз жағдай болды. Кейін кешірім сұрап, тіпті дос болып кеттік.

Факт: Мбодждың түсі толықтай шындыққа айналды – ол «Легиямен» болған ойынның екінші таймында гол соқты.

— Африка Ұлттар кубогын көресіз бе? Шынымен де, бұл құрлықтың адамдары үшін турнирдің маңыздылығы әлем чемпионатының плей-оффына шығудан да жоғары ма?

— Әрине, көремін. Бұл барлық африкалықтар үшін өте маңызды турнир. Әлем чемпионатымен тең емес, бірақ дәл осы жерде сен құрлық тарихына есіміңді жазып, өз еліңнің нағыз аңызына айнала аласың. Трофейдің аты трофей. Мен үшін Африка Ұлттар кубогын жеңу әлем чемпионатының белгілі бір кезеңіне жетуден артық болып көрінеді.
Басқа жағдайда сені мойындамайды. Жаңа, дарынды буын өсіп шығып, сенен де зор жетістікке жетуі мүмкін, бірақ ол алтын медальдың орнын толтыра ма? «Ордабасыда» да солай – алғашқы чемпиондық ешқашан қайталанбайды.

— 2010 жылдардың басында Сенегалдың жастар құрамасында ойнадыңыз. Сол кезде қандай жұлдыздармен бірге доп тептіңіз?

— Иә, рас. Барлық жас санаттарынан өттім, тек ұлттық құрама сапында ойнамадым. Шынымды айтсам, аса танымал есімдер болған жоқ: кейбір жігіттер кубок жеңіп алды, бірақ оларды тұрақты түрде шақырмайтын. Есесіне бізді Алиу Сиссе жаттықтырды – Сенегал тарихындағы ең үздік маман.
Оны қатты құрметтейді, өйткені ол халқымызға алғашқы трофейді сыйлады. Оның футболды түсінуі керемет. Ересектер құрамасын жаттықтырғанына мүлдем таңғалмадым. Ол өте талапшыл, ашушаң бапкер, бірақ бір рет сүрінсең – сенімен қоштасады.

— Сонда да сол кезден бірде-бір танымал футболшыны атай алмайсыз ба?

— Мүмкін сіз «Олимпиакостағы» Пап Абу Сиссені немесе «Маккабидегі» Абдулай Секті танитын шығарсыз? Екіншісі дәл қазір Африка Ұлттар кубогында Сенегал намысын қорғап жүр.

Факт: 33 жастағы Сек Африка Ұлттар Кубогының үшінші турындағы Бенинге қарсы матчта (3:0) ойынның үздігі атанды.

— «Хапоэльде» сізбен бірге Дан Глейзердің ағасы Тамир Глейзер ойнады. Осы тұста «Қайраттың» еурокубоктағы жетістігін қалай бағалайсыз?

— Айта кету керек, Тамир де керемет ойыншы еді. Сапалы жартылай қорғаушы, қазір Испанияда ойнап жүр. Ал Дан ойнайтын «Қайрат» – топ-клуб. Тіпті «Ордабасы» чемпион болған маусымда да олар өте қолайсыз қарсылас болды: өз алаңымыздағы жеңіске дейін (1:0) олармен тең (2:2) ойнадық. Алматы мен Ақтөбеге бару азап еді, ал Астана классика болды. Ол жақтағы атмосфера тыныштау.
Чемпиондар лигасындағы ойындары арқылы «Қайрат» ҚПЛ-дың нөмірі бірінші клубы екенін дәлелдеді. Мұнымен ешкім дауласпайтын шығар. Шеберлік жағынан «Астана» бәсекелесе алады, өйткені олар тәжірибелі футболшыларды шақырады. Бірақ менталитет жағынан «Қайратқа» жетпей жатады.

— Ал «Ақтөбе» ше?

— Шымкентке келгенге дейін Қазақстандағы мықты командалар туралы шамамен білетінмін. Ал «Ақтөбе» жайлы естімеген едім. Бірақ Қобыланды стадионына барған соң… Бұл жер мен үшін ерекше болды – клуб пен оның жанкүйерлерін ешқашан ұмытпайсың. Елдегі ең керемет стадион.

— Біз қазақстандық және әзербайжандық клубтарды жиі салыстырамыз. Неге «Қарабах» Чемпиондар лигасында «Қайратқа» қарағанда әлдеқайда сәтті ойнады?

— Мұнда тәжірибе шешуші рөл атқарады. «Қарабахтың» еурокубоктарға қаншалықты жиі қатысатынын қараңыз. Олар бес жыл қатарынан ойнайды, ал «Қайрат» бес жылда бір рет. Бірақ биылғы жетістікті алдағы он жылда ешқайсысы қайталай алмайды. Олар «Қайратпен» бірге өздерінің потенциалын көрсете білді.
Маған әзербайжандық клубтың жүйесі ұнайды. «Қарабахқа» қарсы қанша ойнасам да, оларда сол бір бапкер, сол бір негізгі құрам. Жыл сайын екі-үш ойыншы ғана қосады, команданың тірегі қалыптасқан.

— 2020/21 жылғы маусымда оларға қарсы драмалық матч болды ғой?

— Чемпионаттың соңғы турында «Нефтчи» «Қарабахпен» кездесті. Оларға алтын үшін бір ұпай жеткілікті еді, ал бізге тек жеңіс керек болды. 90-минутта жалғыз голды соғып, трофейді алып кеттік.
Ашығын айтсам, қосымша уақытта қарсылас гол соғып, тіпті пенальти тебуі керек еді, бірақ бақытымызға орай төреші үн қатпады (күледі). Сондықтан «Қарабахтың» қаншалықты мықты команда екенін жақсы түсінемін.

— Дастан Сатпаев – мықты футболшы ма?

— Дәл солай. Өткен жылы да байқадым, оның жағдайы жақсы. Егер адамдарға Жоао Паулоны ұмыттырсаң, демек сен мықты футболшысың. Ал мен үшін Жоао Премьер-лиганың ең үздік ойыншысы еді. Оның үстіне Дастан Элдер Сантананы да алмастыра білді. Сондықтан оған берер менің бағам – «уау». Менің көз алдымда ол әлі кішкентай бала еді, бірақ қазірдің өзінде оған құрметпен қараймын. 17 жаста командаға жетекшілік ету – көп нәрсені білдіреді.
Қазақстан Сәтпаевты қорғап, бағалауы керек. Бұл – үлкен клубқа тап болған нағыз гауһар тас.

— «Челси» жас ойыншы үшін лайықты клуб па?

— «Челси» талантты ойыншылармен 10 жылға дейін келісімшарт түзіп тастайды. Англияда жолы болмаса да, басқа үлкен клубқа ауысу мүмкіндігі болады. Сәтпаев бірден негізгі құрамның тұрақты ойыншысына айналады деп ешкім айтпайды: ол Германияға немесе «Эвертон» секілді клубтарға жалға берілуі мүмкін
Маған ұнайтыны – «Челсиге» ауысу оның абыройын арттырады. Барлығы сенімен санасады. Біреу интернеттен қарайды да: «Қайда ойнайды? АПЛ-да ма? Демек, жай бала емес екен» деп айтады (күледі).

— Ол Лука Йовичтен дарынды ма?

— Біз «Црвена Звездада» ойнағанда Лука да 17 жаста еді. Бірақ мен оны нағыз талант деп санайтынмын. Ол басқа ғаламшарда жүргендей еді – әлдеқайда мықты ойыншы болды. Сол аяғы, оң аяғы, баспен ойыны – бәрі бар. Йович кез-келген жағдайда гол соға алатын. Мен таңқалғаннан ауызымды ашып, оның «Реалға» дейін жететінін түсіндім.
Дастанның бойы, дене бітімі, ойнау мәнері сонымен шамалас. Егер жалға берілген клубта өзін дәлелдесе, мансабы жақсы өрбиді. Лука да осылай шешім қабылдап, «Бенфикадан» «Айнтрахтқа» кетті, кейін немістер оны сатып алды. Мен Сатпаевпен бірге жаттықпағанмын, сондықтан оның деңгейі мен үшін әзірге төменірек.

Факт: 2019 жылы мадридтік «Реал» Йовичті немістерден 63 млн еуроға сатып алды. Бұл Луиш Фигу, Роналдо және Винисиустан да қымбат трансфер болды.

— Мансабыңыздың мінсіз аяқталуын қалай елестетесіз?

— Әлі бірнеше жыл ойнай аламын деп ойлаймын. Қазақстаннан кейін әлі де айтатын әңгімем бар. Шынымды айтсам, «Ордабасыдан» кеткім келмеді. Чемпиондық маусымда 30-ға жуық матч өткізгеннен кейін, сені шығарып салады деп күтпейсің ғой. Бірақ маусым біткен соң болашағымды талқылау үшін ешкім хабарласпады. Ал мен демалыс бойы күттім.

Агентіме хабарласқанымда ол: «Жаңа басшылар келді. Олар күштірек қорғаушы тапқысы келеді», – деді. «Жарайды», – дедім. Демек, кейбір адамдар үшін менің ойыным нашар болып көрінген. Бар болғаны тарихи чемпиондыққа көмектестім ғой.
Қазақстанға келгенде: «Жігіттер, біз трофей аламыз», – деп уәде бергенмін. Бірақ ешкім сенбеді. Була (Еркебұлан Тұңғышбаев – ред.) мен бапкер – соған куә. Командаластармен, жанкүйерлермен қарым-қатынасым керемет болды, онда неге кету керек еді? Ақша маңызды болған жоқ. Бұл жағдай маған қатты соққы болвп тиді.
Мен – шымкенттікпін (орысша айтады – ред.). Клуб басшылығының мені жай ғана ауыстырып жібергеніне әлі күнге дейін таңғаламын. Бір күні ораламын деп үміттенемін. «Ордабасыға» болмаса да, КПЛ-дағы басқа командаға.

— Демек, Шымкентке оралу – ең қолайлы нұсқа ма?

— Менің шын жүректен қалайтыным осы. Бірақ, өкінішке қарай, бұл оңай емес.

— Ал адам ретіндегі арманыңыз?

— Аяғым жүргенше футбол ойнау және Сенегалдағы отбасымның қасында болу. Сабырлы өмір салтын қалаймын. Иман – мені алға жетелейтін күш, сондықтан қандай жағдай болса да, Аллаға шүкір.
Өзімді бапкер ретінде елестете алмаймын, бірақ агент болу қызық болып көрінеді. Француз, ағылшын және орыс тілдерін білемін, түрлі клубтарда болдым – бұл жолымды жеңілдетеді.

Қазір мен еркін агентпін. «Тханьхоа» клубының президенті ұсталды, ал жалақы төрт айдан бері төленбеді. Мұндай жағдайда командада қала алмадым. Қалайша алаңда жүгіріп, тегінге ойнап, гол соғасың?

Факт: Вьетнам чемпионатының осы маусымында 32 жастағы Мбодж басқа қорғаушыларға қарағанда көп гол соқты (3).

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 20:39

Рамазан Оразов: Чесноков «Тобылда» қалай ойнап жүр, «Хартста» да солай ойнауы керек

Бүгін, 19:50

Георгий Жуков болашағына қатысты шешім шығарды

Бүгін, 18:19

Ринат Алюетов — Чесноковтың болашағы жайында: Шотландия трамплин болады

Бүгін, 16:52

«Ақтөбенің» жаңа директоры әлеуметтік желідегі парақшаларын жауып тастады

Бүгін, 15:47

«Барселонаның» бұрынғы футболшысы Қазақстанға келмей қалуы мүмкін

Бүгін, 14:18

«Астанаға» қаражат бөлінетін болды: клубтың бір миллиардтай қарызы бар

Басты жаңалықтар

ҚПЛ   8 қаңтар, 20:39

Рамазан Оразов: Чесноков «Тобылда» қалай ойнап жүр, «Хартста» да солай ойнауы керек

1
ҚПЛ   8 қаңтар, 19:50

Георгий Жуков болашағына қатысты шешім шығарды

2
Ұлттық құрама   8 қаңтар, 18:19

Ринат Алюетов — Чесноковтың болашағы жайында: Шотландия трамплин болады

3
ҚПЛ   8 қаңтар, 16:52

«Ақтөбенің» жаңа директоры әлеуметтік желідегі парақшаларын жауып тастады

4
ҚПЛ   8 қаңтар, 15:47

«Барселонаның» бұрынғы футболшысы Қазақстанға келмей қалуы мүмкін

5
ҚПЛ   8 қаңтар, 14:18

«Астанаға» қаражат бөлінетін болды: клубтың бір миллиардтай қарызы бар

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан. Премьер-лига
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Қайрат Қайрат
26
18
5
3
34
59
2
Астана Астана
26
17
6
3
36
57
3
Тобыл Тобыл
26
16
6
4
20
54
4
Елімай Елімай
26
14
6
6
16
48
5
Ақтөбе Ақтөбе
26
13
4
9
10
43
6
Жеңіс Жеңіс
26
8
12
6
7
36
7
Ордабасы Ордабасы
26
9
8
9
9
35
8
Оқжетпес Оқжетпес
26
10
5
11
-6
35
9
Қызылжар Қызылжар
26
6
9
11
-7
27
10
Ұлытау Ұлытау
26
5
8
13
-21
23
11
Қайсар Қайсар
26
3
13
10
-18
22
12
Жетісу Жетісу
26
4
9
13
-24
21
13
Атырау Атырау
26
4
7
15
-23
19
14
Тұран Тұран
26
4
4
18
-33
16
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Арсенал Арсенал
19
14
3
2
25
45
2
Манчестер Сити Манчестер Сити
19
13
2
4
26
41
3
Астон Вилла Астон Вилла
19
12
3
4
7
39
4
Ливерпуль Ливерпуль
19
10
3
6
4
33
5
Челси Челси
19
8
6
5
11
30
6
Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед
19
8
6
5
4
30
7
Сандерленд Сандерленд
19
7
8
4
2
29
8
Эвертон Эвертон
19
8
4
7
0
28
9
Брентфорд Брентфорд
19
8
3
8
2
27
10
Кристал Пэлас Кристал Пэлас
19
7
6
6
1
27
11
Фулхэм Фулхэм
19
8
3
8
-1
27
12
Тоттенхэм Тоттенхэм
19
7
5
7
4
26
13
Ньюкасл Юнайтед Ньюкасл Юнайтед
19
7
5
7
2
26
14
Брайтон Брайтон
19
6
7
6
1
25
15
Борнмут Борнмут
19
5
8
6
-6
23
16
Лидс Лидс
19
5
6
8
-7
21
17
Ноттингем Форест Ноттингем Форест
19
5
3
11
-12
18
18
Вест Хэм Вест Хэм
19
3
5
11
-17
14
19
Бёрнли Бёрнли
19
3
3
13
-17
12
20
Вулверхэмптон Вулверхэмптон
19
0
3
16
-29
3
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Барселона Барселона
18
15
1
2
31
46
2
Реал Мадрид Реал Мадрид
18
13
3
2
20
42
3
Атлетико Мадрид Атлетико Мадрид
18
11
4
3
17
37
4
Вильярреал Вильярреал
16
11
2
3
16
35
5
Эспаньол Эспаньол
17
10
3
4
5
33
6
Бетис Бетис
17
7
7
3
10
28
7
Сельта Сельта
17
5
8
4
1
23
8
Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао
18
7
2
9
-8
23
9
Эльче Эльче
17
5
7
5
3
22
10
Севилья Севилья
17
6
2
9
-2
20
11
Хетафе Хетафе
17
6
2
9
-9
20
12
Осасуна Осасуна
17
5
3
9
-3
18
13
Мальорка Мальорка
17
4
6
7
-5
18
14
Алавес Алавес
17
5
3
9
-6
18
15
Райо Вальекано Райо Вальекано
17
4
6
7
-7
18
16
Реал Сосьедад Реал Сосьедад
17
4
5
8
-4
17
17
Валенсия Валенсия
17
3
7
7
-10
16
18
Жирона Жирона
17
3
6
8
-18
15
19
Реал Овьедо Реал Овьедо
17
2
5
10
-19
11
20
Леванте Леванте
16
2
4
10
-12
10
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Бавария Бавария
15
13
2
0
44
41
2
Боруссия Дортмунд Боруссия Дортмунд
15
9
5
1
14
32
3
Байер 04 Байер 04
15
9
2
4
13
29
4
РБ Лейпциг РБ Лейпциг
15
9
2
4
11
29
5
Хоффенхайм Хоффенхайм
15
8
3
4
9
27
6
Штутгарт Штутгарт
15
8
2
5
3
26
7
Айнтрахт Франкфурт Айнтрахт Франкфурт
15
7
4
4
0
25
8
Унион Берлин Унион Берлин
15
6
3
6
-3
21
9
Фрайбург Фрайбург
15
5
5
5
-1
20
10
Вердер Вердер
15
4
5
6
-10
17
11
Кёльн Кёльн
15
4
4
7
-2
16
12
Боруссия М Боруссия М
15
4
4
7
-6
16
13
Гамбург Гамбург
15
4
4
7
-9
16
14
Вольфсбург Вольфсбург
15
4
3
8
-5
15
15
Аугсбург Аугсбург
15
4
2
9
-11
14
16
Санкт-Паули Санкт-Паули
15
3
3
9
-13
12
17
Хейденхайм Хейденхайм
15
3
2
10
-21
11
18
Майнц Майнц
15
1
5
9
-13
8
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Интер Милан Интер Милан
16
12
0
4
21
36
2
Милан Милан
16
10
5
1
14
35
3
Наполи Наполи
16
11
1
4
11
34
4
Рома Рома
17
11
0
6
9
33
5
Ювентус Ювентус
17
9
5
3
8
32
6
Комо Комо
16
7
6
3
10
27
7
Болонья Болонья
16
7
5
4
10
26
8
Лацио Лацио
17
6
6
5
6
24
9
Сассуоло Сассуоло
17
6
4
7
1
22
10
Аталанта Аталанта
17
5
7
5
1
22
11
Удинезе Удинезе
17
6
4
7
-10
22
12
Кремонезе Кремонезе
17
5
6
6
-2
21
13
Торино Торино
17
5
5
7
-11
20
14
Кальяри Кальяри
17
4
6
7
-5
18
15
Парма Парма
16
4
5
7
-7
17
16
Лечче Лечче
16
4
4
8
-11
16
17
Дженоа Дженоа
17
3
5
9
-10
14
18
Верона Верона
16
2
6
8
-12
12
19
Пиза Пиза
17
1
8
8
-12
11
20
Фиорентина Фиорентина
17
1
6
10
-11
9
#
Команда
Ойын
Жеңіс
Тең
Жеңіліс
+/-
Ұпай
1
Ланс Ланс
16
12
1
3
15
37
2
ПСЖ ПСЖ
16
11
3
2
21
36
3
Марсель Марсель
16
10
2
4
21
32
4
Лилль Лилль
16
10
2
4
13
32
5
Лион Лион
16
8
3
5
6
27
6
Ренн Ренн
16
7
6
3
3
27
7
Страсбур Страсбур
16
7
2
7
5
23
8
Тулуза Тулуза
16
6
5
5
5
23
9
Монако Монако
16
7
2
7
-1
23
10
Анже Анже
16
6
4
6
-1
22
11
Брест Брест
16
5
4
7
-6
19
12
Лорьян Лорьян
16
4
6
6
-9
18
13
Ницца Ницца
16
5
2
9
-10
17
14
Париж Париж
16
4
4
8
-8
16
15
Гавр Гавр
16
3
6
7
-9
15
16
Осер Осер
16
3
3
10
-11
12
17
Нант Нант
16
2
5
9
-14
11
18
Метц Метц
16
3
2
11
-20
11