Тимур Турлов: жаңа стадион Қарағанды спортынан маңызды орын алып, жанкүйерлерді тартады

2 сәуір, 21:22

Тимур Турлов: жаңа стадион Қарағанды спортынан маңызды орын алып, жанкүйерлерді тартады

Фото: Тимур Турлов және Ермағанбет Бөлекпаев

Миллиардер, Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қарағандылық «Шахтер» клубының алдағы жылдарға арналған мақсаттары туралы айтты.

«Басты мақсат – клубта тұрақты әрі тиімді жүйе қалыптастыру. «Шахтер» тек Қазақстан чемпионатында бәсекеге қабілетті команда болып қана қоймай, халықаралық деңгейде де ел намысын қорғай алатын танымал брендке айналуы тиіс. Холдинг қысқа мерзімді нәтижеге емес, ұзақ мерзімді дамуға басымдық береді. Яғни талантты ойыншыларды тәрбиелеу, заманауи жаттықтыру әдістері мен инновациялық технологияларды біріктіру арқылы тұрақты нәтиже көрсету көзделген.
Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер футболына инвестиция салу клуб болашағына ғана емес, өңірдегі спорттың дамуына да үлкен үлес болмақ. Жас ойыншыларға жаттықтырушылық дайындықтан бастап білім беру бағдарламаларына дейін жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Ал заманауи цифрлық платформалар мен арнайы бағдарламалар жаттығу процесін күшейтуге мүмкіндік береді. Мұндай құралдар бапкерлер мен аналитиктердің жұмысын жеңілдетіп, әр футболшының тиімділігін нақты бағалауға көмектеседі. Бұл әсіресе тығыз ойын кестесі кезінде және әртүрлі қарсыластардың ойын стиліне бейімделуде маңызды.
Инфрақұрылым бағытында да ірі жобалар жоспарланған. Атап айтқанда, жаңа футбол академиясы мен стадион салу көзделіп отыр. Бұл жобалардың барлығы холдингтің қаржысы есебінен жүзеге асады.
Болашақ академия заманауи спорттық, білім беру және тұрғын жайлармен жабдықталады. Осылайша болашақ кәсіби футболшыларды кешенді түрде дайындауға мүмкіндік туады. Ал жаңа стадион Қарағанды мен өңірдің спорт инфрақұрылымындағы маңызды нысанға айналып, жанкүйерлерді тартуға және ел чемпионатына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Freedom Holding Corp. өткен жылдың қараша айында «Шахтер» футбол клубын сатып алды. Бұл келісім президенттің бұқаралық спортты дамыту және футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқан.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  1 қараша, 19:45

Асхат Тағыберген «Тобылдағы» болашағына қатысты шешім қабылдады

1
ҚПЛ  1 қараша, 17:25

Самат Смақов «Атыраумен» келісімшартты ұзартуға келісті

2
ҚПЛ  1 қараша, 15:20

Андрей Карпович пен Федор Симиниди «Ақтөбеге» баруды қарастырып отыр

3
ҚПЛ  1 қараша, 13:19

РПЛ топ-клубымен жолдастық кездесу: «Тобылдың» ОЖЖ-ға жоспары белгілі болды

4
ҚПЛ  1 қараша, 13:01

Жетпей қалған 65 ұпай: «Қайрат» ҚПЛ-2026 маусымын қалай өткізді?

5
ҚПЛ  1 қараша, 10:21

Ромащенко «Тобыл» жанкүйерлеріне үндеу жасады: осы үшін кешірім сұраймын

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25