Матч орталығы
«Ордабасының» экс-футболшысы: Сәтпаев Паулоны оп-оңай алмастырды
6 қаңтар, 19:52

Фото: Жоао Пауло және Дастан Сәтпаев
«Ордабасы» клубының бұрынғы қорғаушысы Мамаду Мбодж ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Дастан Сәтпаевтың шеберлігі мен «Челсидегі» болашағына қатысты пікірін білдірді.
«Мен Сәтпаевты өткен жылы-ақ байқап жүрдім, оның деңгейі шынымен де жоғары. Егер адамдарға Жоао Паулоны ұмыттыра алсаң, демек сен мықтысың. Ал мен үшін Жоао Премьер-лиганың ең үздік футболшысы еді. Оның үстіне, Дастан Элдер Сантананың да орнын жоқтатпады. Сондықтан менің оған берер бағам – «уау». Менің көз алдымда ол әлі кішкентай бала еді, бірақ қазірдің өзінде оған құрметпен қараймын».
«Челси» талантты ойыншылармен 10 жылға дейін келісімшарт түзіп тастайды. Англияда жолы болмаса да, басқа үлкен клубқа ауысу мүмкіндігі болады. Сәтпаев бірден негізгі құрамның тұрақты ойыншысына айналады деп ешкім айтпайды: ол Германияға немесе «Эвертон» секілді клубтарға жалға берілуі мүмкін», – деді сенегалдық ойыншы.
2025 жылғы маусымның басында Жоао Пауло мен Элдер Сантана ауыр жарақат алып қалды. Алматылық клубтың түлегі Дастан Сәтпаев барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 19 гол соқты, 8 нәтижелі пас берді.
Мамаду Мбодж 2023–2024 жылдары «Ордабасы» сапында 33 матчқа қатысты. Сондай-ақ ол «Црвена Звезда», «Нефтчи» және «Жальгирис» клубтарында да өнер көрсеткен.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
1ҚПЛ 27 қазан, 15:49
Чемпиондар лигасынан жанкүйерлермен жанжалға дейін: Уразбахтин «Қайраттан» қалай кетті
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол