Матч орталығы
Бауыржан Исламхан – «Астанадағы» болашағы туралы: ешқандай ұсыныс болмады
1 қаңтар, 09:29

Фото: Бауыржан Исламхан
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламхан ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Астана» клубымен келісімшарты аяқталғанын және болашағы әлі белгісіз екенін мәлімдеді.
«Менімен ешқандай әңгіме болмады, өйткені менің келісімшартым аяқталды. «Астана» – Еуропада өзін талай рет көрсеткен Қазақстанның үлкен клубтарының бірі. Жақын арада клубта бәрі де жақсы болатынына сенімдімін», – деді футболшы.
Сондай-ақ, Исламхан елордалық командада қалу мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ, алайда бұл клуб басшылығының шешіміне байланысты екенін жеткізді.
«Командада қалу ма? Шынымды айтсам, уақыт көрсетеді бәрін. Алайда ешқандай ұсыныс болмады. Егер ұсыныс болса, сөйлесе жатармыз», – деп қысқа қайырды Исламхан.
Еске салайық, Бауыржан Исламхан «Астана» сапына осы маусымда қайта оралған болатын. Қазіргі таңда ойыншы еркін агент мәртебесіне жақын.
Бұған дейін Исламхан Дастан Сәтпаевтың Англияға ауысуына қатысты пікір білдірді.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетуден аман қала ма? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
1ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов