Матч орталығы

Хоккей
АҚШНХЛ
ВегасВегас
4:3Пенальтиден соң
ТоронтоТоронто
Футбол
ЕуропаЧемпионат Европы для игроков U19 (Женщины)
Чехия U19 (Қ)Чехия U19 (Қ)
14:00Бүгін
Қазақстан U19 (Қ)Қазақстан U19 (Қ)
Теннис
ATPШанхай мужчины
Александр БубликАлександр Бублик
14:05Бүгін
Томаш МахачТомаш Махач
Футбол
ЕуропаӘлем чемпионаты, іріктеу, қыздар
Қазақстан (Қ)Қазақстан (Қ)
16:00Бүгін
Ирландия (Қ)Ирландия (Қ)
Футбол
ТүркияСуперлига
ГалатасарайГалатасарай
22:00Бүгін
КасымпашаКасымпаша
Футбол
НидерландЭредивизи
ПСВПСВ
23:00Бүгін
ХеренвенХеренвен
Футбол
Сауд АрабиясыПро-лига
Аль-НасрАль-Наср
23:00Бүгін
Аль-ДраихАль-Драих
Футбол
ГерманияБундеслига
БоруссияБоруссия
23:30Бүгін
ВердерВердер
Футбол
ФранцияЛига 1
ЛансЛанс
23:45Бүгін
ЛионЛион
Футбол
АнглияЧемпионшип
Вест ХэмВест Хэм
00:00Ертең
КПРКПР
Футбол
ИспанияЛа Лига
МалагаМалага
00:00Ертең
ЭспаньолЭспаньол
Футбол
ПортугалияПримейра-лига
БрагаБрага
00:15Ертең
СпортингСпортинг
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ЕртісЕртіс
15:00Ертең
ҚызылжарҚызылжар
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ЕлімайЕлімай
16:00Ертең
АқтөбеАқтөбе
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ТобылТобыл
16:00Ертең
АстанаАстана
Футбол
АнглияЧемпионшип
Вест БромвичВест Бромвич
16:30Ертең
БирмингемБирмингем
Футбол
АнглияПремьер-лига
АрсеналАрсенал
16:30Ертең
ЛидсЛидс
Хоккей
РесейКХЛ
БарысБарыс
16:30Ертең
АвангардАвангард
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ҚайратҚайрат
17:00Ертең
ЖетісуЖетісу
Футбол
ИспанияЛа Лига
Райо ВальеканоРайо Вальекано
17:00Ертең
Атлетик БильбаоАтлетик Бильбао

«Қалғым келеді»: Эль-Мессауди – «Тобыл», Кубок және «Ақтөбеге» ауысу мүмкіндігі туралы

07.11.2025 07:45

«Қалғым келеді»: Эль-Мессауди – «Тобыл», Кубок және «Ақтөбеге» ауысу мүмкіндігі туралы

Фото: Ахмед Эль-Мессауди

2026 жылы тағы да чемпиондыққа үміткерлердің бірі саналатын «Тобыл» сапында өзгерістер болуы мүмкін. Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы Ислам Чесноковпен қоштасады. Сонымен қатар Арьен Роббеннен тәлім алып, Мароккода ойнаған Ахмед Эль-Мессауди де командадан кетуі мүмкін.

ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 30 жастағы жартылай қорғаушы:

  • ҚПЛ-дың тағы бір үздік командасымен байланысы туралы ашық айтты;
  • чемпионаттың кеңеюі туралы пікір білдірді;
  • 2025 жылды қорытындылады.

– Ахмед, қиын маусым артта қалды. Команда және жеке өзіңіз үшін маусымды қалай бағалайсыз?

– Менің ойымша, биыл өткен жылға қарағанда прагматикалық футбол ойнадық: көбінесе 1:0 немесе 2:1 есебімен жеңіске жеттік. Команда қорғанысын жақсартты – бірқатар матчтарда қақпамызға гол өткізбедік. Қорғаушыларға алғыс айтамын.
Мен де жақсы нәтиже көрсеттім. 2024 жылға қарағанда он матч аз өткізгеніме қарамастан, менің статистикам жақсара түсті (сегіз гол және алты пас, ал өткен жылы жеті гол және сегіз пас болған еді). Әрқашан алға жылжуға мүмкіндік бар, бірақ өткен маусым мен үшін өте жақсы болды. Жалпы, «Тобылда» өзімді ең жақсы жағынан көрсетуге және ойыннан ләззат алуға тырыстым. 

– Дегенмен, басында сіз көп ойнаған жоқсыз. Кейбіреуі бапкермен келіспеушілік болды десе, кейбіреулері сізді оның философиясына сәйкес келмейді деп болжады.

– Мәселе мынада, Түркиядағы оқу-жаттығу жиынының ортасында менде жеке мәселелер туындады. Бірден Бельгияға оралып, онда екі аптадай отбасыммен бірге болдым. Сондықтан ешқандай жаттығуларға және матчтарға қатыспадым, ал Қостанайға оралған кезде формада емес едім. Бабыма қайта келу үшін уақыт керек болды.
Бапкермен немесе басшылықпен келіспеушілік болған жоқ. Мен тек жақсы ойынымды көрсету үшін психологиялық және физикалық тұрғыдан жұмыс істедім. Адамдар жазып, алаңдаса да, бәрі жақсы еді.


– Қостанайдағы мансабыңызға қанағаттанасыз ба? Осы клубтағы бірнеше маңызды сәттерді атап өтсеңіз.

– «Тобылда» мен бастан өткерген ең жақсы сәт – Кубокты жеңіп алу. Бірақ, әрине, жанкүйерлердің және осы клубқа қатысы бар барлық адамдардың махаббатына риза екенімді айта кетуім керек. Өмірімде ешқашан мұндай жауапкершілікті сезінген емеспін. Жас жігіттер мені үлгі тұтады. Олардың сенімін қалай ақтамауға болады?

– 2026 жылы Қостанайда ойнауды жоспарлап отырсыз ба?

– Әзірге білмеймін. Желтоқсанда келісімшартым аяқталатындықтан, болашағыма қатысты әртүрлі пікірлерді оқып жатырмын: кейбір жанкүйерлер «Тобыл» мені сатып кетті деп ойлайды (күліп). Әрине, бұл шындыққа жанаспайды. Командада болашағы белгісіз болып тұрған жалғыз мен емеспін.
Қуана-қуана қалар едім, себебі мұнда керемет екі жылымды өткіздім. Әлі нақты ақпарат жоқ, бірақ қазір басшылыққа да, маған да аздап демалу керек, содан кейін ортақ шешімге келеміз. Асығуға ешқандай себеп жоқ.

– БАҚ реакциясы туралы айтатын болсақ, сіздің «Ақтөбеге» ауысуыңыз туралы қауесеттер таралуда. Бұған қалай пікір білдірер едіңіз?

– Мен «Ақтөбе» және «Астана» туралы ақпаратты естідім, бірақ бірден анықтап алайық: менің тіпті ресми агентім де жоқ. Әрине, үшінші тарап менің атымнан келіссөздер жүргізуі мүмкін, және мен бұған көндігуім керек: «Иә, Эль-Мессауди екеуміз өте жақынбыз», «Ол менің ойыншым» және т.б. әңгімелер айтылуы ықтимал. Өкінішке орай, агентсіз жұмыс істегенде осылай болады. Мен тек мансабымды өзім қалағандай жалғастырғым келеді.
Қай клуб мені шақырғысы келетінін білмеймін. Маған тек алаңда өзімнің құнды ойыншы екенімді дәлелдеу керек. Қарапайым адам ретінде айта аламын, мен ҚПЛ-дағы ең мықты ойыншылардың бірімін. Егер біреу шынымен қызығушылық танытса, бірнеше шетелдік командалардың басшылары сияқты менімен байланысудың жолын табады.

– Сонда Костов артық салмағыңызға байланысты сіздің кандидатураңыздан бас тартты деген инсайдтық ақпараттар жалған ба?

– Шын мәнінде, бұл рас болуы мүмкін. Костов мені жақсы танымайды, мен алғаш рет «Ақтөбемен» байланысқан кезде басшылықта мүлдем басқа адамдар отырды. Бұл бірнеше ай бұрын болған жағдай. Бірақ біреу менен бас тартты деп айтудан ұялмаймын. Әркімнің өз пікірі бар және ешкімді мені ұнатуға мәжбүрлей алмаймын.


– «Астана» туралы не айтуға болады?

– Олармен де ешқандай әңгіме болған жоқ.

– Сіз «Тобыл» туралы жақсы естеліктеріңізді айттыңыз. Ал өткен маусымдағы ең сәтсіз кезең қандай болды?

– «Атыраудан» (0:1) және «Астанадан» жеңілген кезіміз (2:3), себебі біз сол ойындарда жеңіске жеткенде, чемпион атанатын мүмкіндігіміз болар еді. Қызыл қағаз өз әсерін берді. Ең қызығы, бұл матчтар қатарынан өтті, сондықтан бұл менің клубтағы ең нашар аптам болды. Біз титулды жеңіп алуға қабілетті екенімізді сезіне білдік. 

– Тағыбергеннің келуі құрамға қалай әсер етті?

– Ол бізге маусым бойы көмектескен өте тәжірибелі және сапалы ойыншы. Асхат Кубоктың жартылай финалы мен финалында маңызды рөл атқарды, сондықтан біз бәріміз оның командада болғанына қуаныштымыз.

– Келесі жылы Премьер-лигада 16 команда болады. Сіздің ойыңызша, бұл турнирге қалай әсер етеді?

– Мен мұны жақсы өзгеріс деп бағалаймын. Осылайша, бізде матчтар саны көбейеді және, шамасы, маусым ұзара түседі. Чемпионаттағы бәсекелестік деңгейі артады және біздегі жеңіске жету мүмкіндігі жиілейді. Бұл барлық жағынан жақсы.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  9 қазан, 10:54

«Каспий» бапкерлері мен қызметкерлері айлап жалақысыз отыр: клуб қазынашылықты сылтауратуда

1
Ұлттық құрама  8 қазан, 23:40

«Мұндай ойын ешқандай сын көтермейді»: ҚФФ құраманың сәтсіздіктерінен кейін тексеріс жүргізетінін мәлімдеді

2
ҚПЛ  8 қазан, 20:36

«Яндекс» ҚФФ-ға 20 миллион доллар ұсынды: мән-жайы

3
Халықаралық футбол  8 қазан, 19:52

Қазақстандық футболшы Ла Лигада «Леванте» сапында дебют жасауы мүмкін

4
ҚПЛ  8 қазан, 17:20

Еуропалық бапкер ҚПЛ-да жұмыс істегісі келетінін айтты: «Шахтермен» бірге тарихи нәтиже көрсеткен болатын

5
Басқа  8 қазан, 16:57

Тимур Турлов және ҚФФ: шешуші таңдау жасауы керек кандидат

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22